Елімізде соңғы кездері танымалдыққа ие болған «Зың — зың» әніне Ресейдің танымал рэпері Тиматидің билеп жүрген видеосы YouTube желісінде пайда болды. Аталған видеоның рас — өтірігі белгісіз, бірақ әншінің би қимылдары ән ырғағына келеді.
Видеоны көрген желі қолданушыларының кейбірі видеоның жалған екенін жазса, тағы біреулер «монтаж болса да әдемі шыққан» десіп жатты.
«Өтірік болса бола берсін, бастысы би ырғағы келіп тұр ғой», «Шымкент алға!», «Бірден негатив пікірлер жазуға дайын екенсіңдер, ұнамай ма мүлдем қарамаңдар», «Әнді әдемі етіп қойыпты», — деп жазды олар.
Еске салсақ, Тимати бұған дейін Сайлаубектің әнін айтып, тіпті оны қарсылас ретінде жекпе -жекке шақырған болатын.