jasqazaq.kz

Жұрт Айқынмен қосып жүрген Жұлдыз Өмірғали екі әйел алуға қатысты пікірін айтты

21 қараша 2017, 12:50

Жұрт Айқынмен қосып жүрген Жұлдыз Өмірғали екі әйел алуға қатысты пікірін айтты. Бұл туралы пікірін ол НТК телеарнасындағы «Ревю» бағдарламасының тілшісіне берген сұхбатында білдірді. Айтуынша, біздің елде екі әйел алуды көпшілік қолдамайды.

«Екі әйелді ала ма, алып үлгермей ме, ол жағын білмеймін. Әркімнің өз таңдауы болады. Екі әйел алу дегенде, біз араб елі емеспіз, мұсылман елі болсақ та, ондай бізде не приветствуется», — деді ол бағдарлама эфирінде. Сонымен қатар, әнші Instagram желісінде өзіне қатысты айтылып жүрген сындарға былай деп жауап қатты: «Анық қанығын білмей, жамандауды жақсы көреді. Мен оған көз жұмамын. Себебі үйреніп қалдым. бірақ бір кездері ашуыма тиген уақытта сол адамдарға жауап қайтарамын. Бәріміз адамбыз. Ертеңгі өміріміз қандай болатынына кепіл бере алмаймыз. Менің басымнан өтпейді деп айта алмаймыз. Себебі ертеңгі өмірің қандай екені, қандай бұрылыс болып, сен қандай адаммен жолыққаныңды өзің де білмей қаласың. Жағымсыз пікір жазған адамдарды, шыны керек, жүрекке қабылдағым келмейді, себебі олар білмей жатып сөйлейді», — деп ой түйді «КешYou» тобының бұрынғы солисі Жұлдыз Өмірғали. Айта кетейік, таяудан бері әлеуметтік желілерде Жұлдыз Өмірғали әнші Айқын Төлепбергенге тұрмысқа шықты деген қауесеттер тарап жатыр. Бұған Айқын Төлепбергеннің КешYOU экс-солисі Жұлдыз Өмірғалиге сырға салып жатқан видеосы себеп болған еді. Ал кейін Айқын Төлепберген бұл видеоға қатысты пікір білдірген болатын. Оның айтуынша, «жеке өмірге араласу дұрыс емес».

tengrinews.kz

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті