jasqazaq.kz

Жүргізушілер айыппұлдан құтылудың тағы бір амалын ойлап тапты

17 қараша 2017, 16:03

Қазақстандық жүргізушілер айыппұлдан құтылудың тағы бір амалын ойлап тапты, деп хабарлайды Baq.kz.

Facebook-тағы жүргізушілерге арналған топта Жанна Ахметова есімді қолданушы қазақстандық жүргізушілер арасында жолда ереже бұзушылықтарды түсіретін камераға «қарсы» жаңа айла пайда болғанын жазды.

«Жолда жүру ережесін бұзатын автокөлік жүргізушілері тағы бір айла ойлап тапты. Енді көлік нөмірінің үстіне жабыстырылған кішкентай лампалардың көмегімен тек камера ғана емес, адамның өзі де көлік нөмірін көре алмайды. Сондықтан, егер адам мұндай айла қолданса, онда біз көлік нөмірін көре алатын мүмкіндіктен айрыламыз. Ал бұл бұзушылық туралы мен ереже көрмедім. Тез арада бірдеңе ойлап табу керек», — деп жазды ол.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина мұндай жүргізушілер көлікке қосымша жабдық қосқаны үшін жауапқа тартылатындығын айтты, деп жазды tengrinews.kz.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, егер сыртқы жарықтандыру құралдарының саны, түрі, түсі, орналасуы, жұмыс істеу режимі транспорттық құралдың конструкциясының талаптарына сай келмесе, мұндай көлікті пайдалануға тыйым салынады. Егер орнатылып жатқан жарық құралдары конструкциясына сәйкес келмесе, онда бұл заңсыз жабдықталу болып есептеледі», — деп түсіндірді ІІМ өкілі.

Оның айтуынша, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабына сәйкес, мұндай жүргізушілер айыппұл төлеуі мүмкін.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті