jasqazaq.kz

Жүргізуші баланы қағып, 3 аялдамадан соң түсіріп кеткен

13 желтоқсан 2017, 12:11

Алматыда қыз баланы қағып, оқиға орнында қалдырып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол оқиғасы 8-желтоқсан күні кешке болған. 11 жастағы қыз бала құрбысымен Достық көшесін бағдаршам тұсында кесіп өтіп бара жатқан. Сол сәтте қара түсті көлік баланы қағып кетті. Балалар көліктің тек түсін ғана байқап қалған. «Бізде тек қана қара түсті көлік екені ғана белгілі болды. Полиция көлікті табу үшін бірқатар кешенді тексеру шараларын жүргізді. Көшедегі бейнебақылау камераларындағы жазбалар тексерілді. Осы жұмыстардың арқасында «Ауди» көлігінің иесі 51 жастағы әйел ұсталды. Әйел басында өзінің қылмысқа қатысы жоқтығын айтып ақталып келген. Бірақ көлденең тартылған дәлелдерден соң істегенін мойындады», — деді қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімінің басшысы Ерік Насырбеков. Қазір жүргізушіге қатысты ҚР ӘқК 610-бабының 2-бөлімі, 611-бабының 2-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылды. Қыз бала қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы бірқалыпты. Оның алдында қыздың анасы Алла Пархоменкомен тілдескен болатынбыз. Оның айтуынша, жүргізуші баланы қаққан соң көлікке отырғызып алып, қызды 3 аялдамадан соң түсіріп кеткен.

25 шiлде, 19:51
Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға
25 шiлде, 18:40
Дина Тәжібай: Заманауи трансформатор энергия үнемдейді
25 шiлде, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң