jasqazaq.kz

“Жүрек тоқтап қалуы ықтимал”. Дәрігер балалар арасындағы “қолдан тұншықтыру” ойыны туралы дабыл қақты

23 сәуiр, 11:59

Маңғыстау облысында 7 сынып оқушылары арасындағы “қолдан тұншығу” ойыны ел ішінде үлкен резонанс тудырып отыр.

Оқушылар арасында тарап жатқан «талып қалу» ойынына байланысты терапевт-невролог Сәуле Кәрібозова балалар денсаулығына төнетін қауіп туралы нақты ескерту жасады.

«Ойын салдарынан ағзада түрлі қауіпті реакция туындайды. Біріншіден, балалардың басы айналып, көзі қарауытып, есінен танып қалуы мүмкін.
Екіншіден, мұндай қысым вегетативті жүйке жүйесінің түйіндеріне, жүрек-қан тамырларына тікелей әсер етіп, жүрек тоқтап қалуы ықтимал.
Үшіншіден, оқушы құлаған кезде жарақат алып, басына қан құйылуы салдарынан өліп кетуі де мүмкін.
Жүрек-қан тамырларында немесе орталық жүйке жүйесінде мәселесі бар балаларға бұл ойын өте қауіпті», – деді маман.
Маманның айтуынша, мұндай ойындар балалардың физикалық жағдайына ғана емес, психологиялық саулығына да ұзақ мерзімді әсер етуі мүмкін. Сондықтан ата-аналар мен ұстаздар балалардың мінез-құлқына, уақытын қалай өткізетініне бейжай қарамауы тиіс.

Айта кетейік, бұл оқиға 18 сәуір күні Ақтау қаласындағы мектептердің бірінде орын алған. Бейнежазбада 7-сынып оқушысы қыздар әжетханасында қатарластарының қолымен тұншығып, есінен танып қалғаны көрінеді. Оқиға әлеуметтік желіде кең таралып, қоғамның алаңдаушылығын тудырды.

Олжас Әбдіхалық

26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр