Мәскеудің оңтүстік-батысында орналасқан сауда орталығының маңынан ес-түссіз жатқан ер адам табылды. Белгісіз адам оның жүрегіне пышақ сұғып, артынша оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Мәскеу» басылымына сілтеме жасап.
«Мәскеу» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жәбірленуші қазір ауруханада жатыр. Дәрігер оның өмірі үшін күрес жүргізуде.
Аталған фактіге сәйкес, «Қасақана адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталды. Әзірге осы іске қатысы бар деген үш күдікті ұсталды.