jasqazaq.kz

Жұмыс таппай көпірден секірмек болды (видео)

15 қараша 2017, 16:47

Қарағандыда полиция бөлімшесіне 41 жастағы азаматтың Гоголь көшесіндегі көпірден секіргелі тұрғаны жайлы хабар түскен. Ер адам оқиға орнына журнаистердің келуін талап еткен. Кейін белгілі болғандай ол мұндай әрекетке жұмыс таппай қиналғаннан барыпты. Бұл туралы newtimes.kz хабарлады.

Орталық полиция бөлімінің меңгерушісі Ерлан Намысов ер адамды райынан қайтаруға келіссөз жүргізді.

Тәртіп сақшылары жолдың бір бағытын бөгеп, Орталық полиция басқармасының бастығы ер адамға жол өткеліндегі қоршаудан бері шығуын өтінді. Келіссөз барысында ер адамға жұмыс тауып беруге уәде берді.

Ерлан Намысов «Өмірде ештеңе өз өміріңді қиюға тұрарлық емес. Дәл осы сөз ол адамға өмірге басқаша қарап, оның мағынасын түсінуге мүмкіндік берді. Ол көпірдің қоршауынан шығып, полиция қызметкерімен медицина қызметкерлерінің жанына келді», — деді .


Бүгін, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы