jasqazaq.kz

Жұмыс іздеу жеңілдетілді

07 қараша 2017, 11:18

Соңғы екі айда Астанада www.enbek.kz порталы арқылы 206 жұмыс беруші 1193 бос жұмыс орындарын ұсынды. Бүл туралы Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы хабарлайды. 

Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспановтың мәліметінше, Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы қыркүйек айынан жаңа форматта жұмыс істей бастады. Е.Оспанов «Негізгі өзгерістердің бірі ол HR — қызметі тұрғысынан жұмыс берушілерге қажетті мамандарды сапалы түрде таңдау болып табылады. Яғни, егер бұрын Жұмыспен қамту орталығы жұмыс орындарын іздесе, қазір жұмыс берушілерге қажетті мамандар іздейміз», — деді . Сондай-ақ енді жұмыс берушілерге бос жұмыс орындары туралы мәліметті беру үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына келіп жүрудің қажеті жоқ. «Ол үшін www.enbek.kz порталына тіркеліп, жеке кабинет ашып, өзінде бар бос жұмыс орындары туралы мәліметті көрсете алады, ал жұмыс іздеушілер осы порталда электрондық түйіндемелерін толтырып, бос жұмыс орындарын қарай алады», — деді басқарма басшысы.

Айдос Құсайынұлы

 

 

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы