jasqazaq.kz

Жылысайдағы наурыз — ынтымақ, бірлік айғағы

22 наурыз 2023, 17:54

Әз Наурыз мейрамын жыл сайын жалпыхалықтық сипатта мерекелеу үрдіс алып келеді.
Бұл мерекені жылысайлықтар да биыл жоғары деңгейде атап өтті. Алматы облысы, Кеген ауданы, Жылысай ауылында жыл басы, Әз Наурыз мейрамын ауыл халқы асыға күтеді. Өйткені жыл сайын бұл мейрамды ауыл халқы ерекше дайындықпен атап өтеді. Биылғы тойды Жылысай ауылдық округіне қарайтын Қолтықбастау ұжымшары өткізді. Ұлттық өнер ұлықталып, салт дәстүр жаңғыртылған мерекеде, баланы бесікке бөлеу сынды салттық ғұрып көрсетілді.

Жігіт сұлтаны сайысында қатысушылар білек күші ғана емес, өнерпаздардың өнері, атты ерттеу сынды сынақтан да өтті. Арқан тартыс, гір тасын көтеру додасында да атан жілік, апайтөс жігіттер тартысқа түсті.
Мереке соңында көкпар тартылып, тай бәйгесі ұйымдастырылды.

«Жылысай ауылында жыл сайын наурыз мерекесін әр көше ұйымдастырады. Яғни төс байлау арқылы эстафеталық үрдіс бойынша мерекені өткізеді. Бұл жолғы кезек, Қолтықбастау ұжымшарындағы тұрғындарға байланды.

Қуандық Бағашаров, Талғарбек Нұрбаев сынды ақсақалдар бастаған ауыл азаматтары жоғары деңгейде өткізді.Бұл ауыл халқының ынтымақ,бірлігінің айғағы»,— деді ауыл әкімі Қайрат Нарынбаев.
Ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Болат Таубалдиев мерекелік басқосуда бата беріп, көпшілікке тілегін жеткізді.

Қуан Жомарт,
Алматы облысы.

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң