jasqazaq.kz

Жылқы мінезді халықпыз

11 қыркүйек 2020, 17:36

Ата-бабаларымыз қалай қапысыз айтқан. Әрине, дер уақытында, керек жерінде туған сөздің орны әрқашан ерекше. Ал қазіргі мінезіміз қандай? Біржақты айтуға болмас.

Алайда өзгеріске ұшыраған құлқымыз бар. Ғұлама Абай мінеген бес дұшпанға – өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпаққа – тағы бесеуі қосылса не дейміз? Ілгеріде анда-санда қылаң беретін жауапсыздық, немкеттілік, жағымпаздық, дүниеқоңыздық, қайырымсыздық сияқты келеңсіздіктер бүгінімізде құжынап-қаптап, қалың елді қараңға батырмасына кім, не кепіл? Оның сан мысалын өмірден көріп, құлағымыз естіп жүр.

Ортамызда Жаратқан иені сәт сайын ойлап, әділдіктен аттауға именетінді, имандылыққа ұйығанды, үлкеннің сөзіне құлақ асатынды, сөзге тоқтайтынды көрген ұрпақтың жұрағат-жұрыны жүр емес пе?

Әлі де болса…

Әлі де болса көп асыл істі қолға алу кеш емес. Өйткені жылқы мінезді жұртымыздың табиғаты тағаттылық пен төзімділікке, турашылдық пен тиянаққа бейім. Жеті атасының асыл сүйегін, таза қанын танып барып, ұрпақ өрбітетін, өсіретін қасиеті және бар. Қазақ елі әлемдік қауымдастықта өз орнын жаңғырған санамен бекемдеуді мұрат тұтады. Бұл – Ұлы дала елі жеті қырының бірі ретінде айқындалған бірегей мүддеміз. Байырғы қазақтың түп-тұқияны жерінде адамзат баласы алғаш рет жылқыны қолға үйретсе, бұл – құс қанатты жануардың қоршаған ортамен үйлесіміндей құбылыс.

Пырақ – екі дүние арасын жалғайтын асыл арман. Беу дүниенің қыры мен ылдиы. Етегі мен асқары. Сайын даланың көркіне көрік қосатын, төрт тараптың бірлігі мен қадірін арттыратын, халықтың табиғаттан нәр алған тілі мен ділін, еңсесі мен кеңдігін көрсететін, кемдігін адалдықпен, жылдамдықпен, тазалықпен, тәртіппен, мәрттікпен, төзіммен толтыратын арда қасиетті меңзегендей. Үйірімен үйлескен, табынымен табысқан тұлпарлардың тұяқ дүбірі даламызға да, санамызға да мың жылдық сарынды сіңіріп кеткендей. Бұл тума мінезімізге тән жүрістен жаңылдырмайды, шабысымыздан да шабандатпайды. Тек көлденең келетін кесапаттан, Құлагерді сұлатқан Барақбайлардың (Ақан сері туралы жазған ақын Мағжан осылай деп көрсетеді, яғни Батыраш емес) күншілдігінен сақтасын дейміз.

Археологтар айтады: «Қазақ елінің төрт тарапын қазсаң да, өте ежелгі қоныс орнынан жылқы сүйегі шығады. Ислам келгенге дейін де доңыз атымен жоқ» деп. Біз мұны бір мәдениетті екінші мәдениетке қарсы қою үшін дәйектемедік. Топырағымыз бен талғамымыздың жөнін айттық. Ер қанаты болған тұлпар тағдырымыздың мәні үшін дәйектедік.

Дархан Мыңбай,

Мәжіліс депутаты

18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды