Елге сәлем салып, күйеуімен бірге гастрөлдетіп жүрген Жұлдыз Әбдікәрімова өткен шаққа саяхат жасап, жан-жары Қайратқа ең алғаш ғашық болған кездері туралы әңгімеледі. Алғаш келін болып түскен шақты еске алған Жұлдыз 18 жаста махаббаттан өзгені ойламағанын айтады. Сондықтан да бір үйдің еркесі болған Әбдікәрімоваға үй шаруасы оңайға соқпаған көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz.
“2007 жылдың жаз айы… Маусым… Жүрек махаббатқа толы, романтика, жылулық… Бақыттан бас айналып жүрген кез. Жасымыз небәрі 18-19-да болды. Ол шақта қарым-қатынастың маңыздылығы туралы ойланған жоқпыз. Біз тек бір-бірімізді сүйдік, бірге болуды қаладық. Бақыт іздеп, махаббаттың соңынан басқа қалаға онымен бірге еріп кете бардым. Айналадағы адамдардың пікірін тыңдағымыз келмеді. Ең бастысы, ата-анамыз қолдау көрсетіп, шешімімізді құптады. Бірақ менің әкем білген жоқ (кейіннен оны да көндіріп алдық).
Беташардан соң 2 күннен кейін Қайрат пен анамыз гастрөлге кетті. Үйде әкеміз, 10 және 12 жастағы қос жігіт және мен қалдық. Өз үйімнің кенжесі болғандықтан, мен тамақ істей алмадым, есесіне үй тазалаудан алдыма жан салмайтынмын”, – деп жазды Жұлдыз инста-парақшасында.