jasqazaq.kz

Жыл сайын 15 мың пәтер

23 қараша 2017, 18:03

Жыл сайын әкімдіктер Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін 15 мың пәтер салады. Бұл туралы Парламент Сенаты «Өңір» депутаттық тобының «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру тақырыбына арналған дөңгелек үстелде мәлім болды.

«Бәйтерек» холдингі «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында негізгі бес бағыттың төртеуін іске асыруға қатысады. 2017 жылдың 10 айында бағдарламаның бағыттары бойынша тиісті нәтижелерге қол жеткізілді. 2017 жылдан бстап холдинг несиелік баспана бағыты бойынша тек жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу арқылы ғана тұрғын үй құрылысын қаржыландыруда. Барлық қаржы, сондай-ақ жобаларды іріктеу, құрылыс салушыларды анықтау, мониторинг жүргізу қызметтері жергілікті атқарушы органдарға берілді»,- деп атап өтті «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры Қайырбек Өскенбаев. Оның сөзіне қарағанда, 2017 жылға 28,8 млрд теңгеге облигациялар сатып алу жоспарланған, дегенмен де 69,6 млрд теңгеге әкімдіктердің облигациялары алынды. ҚазАқпарат хабарлағандай, бұған дейін бөлінген барлық қаржы толық игерілді. «Айналымдағы қаражат есебінен әкімдіктер жыл сайын Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін 15 мың пәтер салатын болады. Осы тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жеңілдік қарыздарын халыққа беру аясында 150,8 млрд теңге жоспарланғанымен, жалпы сомасы 226 млрд теңгеге 33 мың қарыз берілді. Бүгінде аталған банк жүйесінде 484 млрд теңге жинақтық сомасында 1 млн шарт бар»,-деп нақтылады Қ.Өскенбаев. Құрылыстың елеулі көлемін есепке алып, Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының қарқыны бойынша тұрақты талдау жүргізілуде. Ол «Осыған байланысты тұрғын құрылыс жинақтарын одан әрі ынталандыру үшін ТҮҚЖБ тарапынан бизнес-процестер бойынша талаптар оңтайландырылды. Бұл өз кезегінде құрылыс жинақтары туралы күн сайын жасалатын шарттар санын 1 мыңнан 2,5 салымшыға дейін, яғни 2,5 есеге көбейтуге қол жеткізді. Осы шаралар баспана құрылысы жинақтары жүйесіне жыл сайын жаңа салымшыларды 35 пайызға арттыруға мүмкіндік берді», — дейді ол.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті