Жұқпалы аурулар орталығының ғимараты балалар клиникалық ауруханасының меншігіне берілді

18 шiлде 2023, 15:24

«Салауатты ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында Шымкентте ілкімді істер жүзеге асырылып отыр. Шымкент қалалық жұқпалы аурулар орталығының ғимараты қалалық балалар клиникалық ауруханасының қарамағына берілді. 200 орындық ғимарат пациенттердің ем алуына өте қолайлы, барлық жағдайлар қарастырған, талапқа сай заманауи вентиляция жүйесімен қамтамасыз етілген.

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов Асар шағынауданындағы қалалық балалар клиникалық ауруханасында болып, тыныс-тіршілігімен танысты. Балалар ауруханасы жаңа туылған сәбиден бастап 18 жасқа дейінгі балаларға шұғыл және жоспарлы медициналық көмек түрлерін көрсететін жалғыз көпсалалы аурухана. Аурухана базасында қажеттілік туындауына байланысты 2020 жылдан бастап жаңа профильдер яғни нейрохирургия, онкогематология, нефрология, урология, оториноларингология, эндокринология гастроэнтерология, бет-жақ хирургиясы, интервенция кардиологиясы, неонатальды хирургиясы ашылып қаланың барлық педиатриялық қызметі осында орталықтандырылды. Осыған байланысты жаңа ғимаратты қосқанда төсек орны 495-ке ұлғайды.

Бүгінгі күні мұнда соматикалық профиль төсектері қайта орналастырылып, ерте жастағы балалар үшін яғни, 1 жасқа дейінгі науқастар емделетін және 1-18 жастағы науқастар үшін арнайы бөлек пульмонология бөлімшесі ашылды. Сондай-ақ неврология бөлімінің төсек орын қоры 40- тан 55-ке кеңейіп, эндокринология, педиатрия, аллергология, гастроэтнерология бейіндері орналастырылды. Қазір аурухананың 2 ғимаратында қабылдау бөлімі, 6 төсектік жансақтау бөлімі, зертхана, сәулелі диагностикалық бөлімі жұмыс істеп тұр.

Қалалық балалар клиникалық ауруханасы Шымкентте сапалы, жедел, қолжетімді медициналық көмек көрсетуде алдыңғы қатардағы мекемелердің бірі. Биыл аурухана тағы бір бөлімшемен толықпақ. Қазіргі таңда офтальмология бөлімшесін ашуға дайындық жұмыстары басталып, мамандар даярлануда.

Балаларға мамандандырылған көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуда мекемеде материалдық-техникалық база жаңарды. Қазір керек-жарақтармен қамтамасыз ету көрсеткіші 94%-ды құрайды. Лор-комбайн, МРТ, нейрохирургиялық микроскоп, ангиограф, цифрлық рентген-аппарат, «Клинитрон» төсегі, ӨЖЖ аппараттары, IT-техникалардың көмегімен церебральды сал ауруы, орталық жүйке жүйесінің туа біткен ақаулары, ісіктер, гематомалар, ми тамырларының тромбозы сияқты күрделі операциялар мен манипуляциялар жүргізілуде.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды