jasqazaq.kz

Журналист тікелей эфирде футбол жанкүйерін микрофонмен ұрды (видео)

07 мамыр 2018, 17:04

Журналист тікелей эфирде футбол жанкүйерін микрофонмен ұрды, деп хабарлады РИА Новости. Агенттіктің хабарлауынша, Fox Sports Mexico каналының тілшісі Мария Фернанда Мора тікелей эфирде өзіне тиіскен жанкүйерді қолындағы микрофонмен ұрған.

Оқиғаның видеосы YouTube каналында жарияланды. Мора Гвадалахара қаласындағы стадионда өткен матчтан кейін репортаж жүргізіп тұрған, ол кездесуде жергілікті команда Торонто клубын жеңді. Журналисті жанкүйерлер қоршап алып, артында тұрған ер адам оған қол жүгірткен. «Мора оператордың сюжетті аяғына дейін түсіруіне мүмкіндік беріп, ол аяқталған соң артында тұрған жанкүйерді микрофонмен бірнеше рет ұрып, бірдеңе айтты. Ол да жауап беріп, кетіп қалды», — делінген жарияланымда. Тілші өз қылығы үшін өкінбейтінін Twitter арқылы жазған. «Бейсенбіде менімен болған жағдай қоғамдық орындарда мыңдаған әйелдің басынан өтеді. Айырмашылығы, бұл жағдай менің басымнан тура тікелей эфир кезінде өтті және мен өзімді қорғайын дедім», — деп келтірді оның сөзін Daily Mail. Twitter қолданушылары #UnaSomosTodas (Бәріміздің біріміз) хэштегі арқылы журналистке қолдау көрсетті.

tengrinews.kz

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды