jasqazaq.kz

Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» — кемел келешектің қайнар көзі

27 тамыз, 10:24

 

Қазақ бағзы заманнан тазалық мәдениетіне мән беріп, көңіл бөлген. Тән тазалығы, қан тазалығы және жан (ар) тазалығы осы мәдениеттің үштағанына айналды. Ас алдында, астан кейін қол жуу, ауызды шаю, денені жуып, таза ұстау түрлі кеселден сақтайды. Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштары да халықты тазалыққа шақырды. Алаш қайраткері Жұмағали Тілеулин «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналында тазалықтың мән-маңызын түсіндіріп, дене саулығын сақтау бойынша кеңес берген. Ол «Кеселдің күшін жоятын тура, ең үлкен ем – денені бабына келтіріп ұстау. Мысалы, таза ауа, таза үй, тамақ, киім һәм өзге дауалар» деп жазады.
Қан тазалығы — өмірге дені сау ұрпақ әкелудің бірден-бір кепілі. Бұл жеті ата араламай, жеті өзен аспай, қыз беріп, қыз алыспайтын ежелгі салтпен көрініс тапты. Жеті атаға дейін қыс алыспау тұжырымын әйгілі емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы ұсынды. Соның негізінде Әз Жәнібек хан әркімнің орындауы тиіс ережені енгізген дейді зерттеушілер.
Ал жан (ар) тазалығы адамды қиянат пен ғайбаттан, бәле-жала мен өсек-аңнан, шалыс қадам мен теріс әрекеттен аулақ болуға шақырады. Жақсылық жасауға, мейірім-шапағатын төгуге баулиды.


Жиырмасыншы ғасырдың басында ұлттық баспасөзде көтерілген таза ауа мен таза үй мәселесі қоршаған орта мүшкіл халге түскен бүгінде мейлінше өзекті. Содан болар, бір жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жобасы жалпыұлттық сипат алып отыр. Президент биыл сәуірде өткен «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде аталған жоба аясында ауқымды шаруа атқарылғанына тоқталды. Атап айтқанда, миллондаған тонна қоқыс жиналып, көшет отырғызылды. Осы орайда, «Бүкілқазақстандық ағаш егу күні» акциясы игі дәстүрге айналғанын атап өткен жөн. Мемлекет басшысы бұл ретте «Осы шара шеңберінде бүкіл еліміз бойынша соңғы үш күнде 4,5 миллионға жуық көшет егіліп, орман алқабымызды толтырды. Айналамызды жинау, ағаш отырғызу арқылы біз жайлы да таза қоршаған орта қалыптастырамыз. Барлық аула мен көшені, саябақ пен алаңқайды ұқыпты ұстау – өз қолымызда. Тазалық пен тәртіп – дұрыс өмір салтын ұстанудың басты көрінісі», — деді.
Сонымен қатар, табиғатты аялау, тазалық мәдениетін әрбір азаматтың, әсіресе, жас ұрпақтың санасына сіңіру өзекті міндет. Президенттің пікірінше, қоқысты сұрыптау, су мен жарықты үнемдеу, қоғамдық орынды бүлдірмеу – аса маңызды. Бұл біздің қоғамның қалыпты қағидатына айналуы қажет. Экологиялық ағарту ісіне айрықша мән берген жөн. Мұны «Таза Қазақстан» жобасының негізгі бағыттарының бірі деуге болады. Уақыт өткен сайын көптеген адамдардың қоршаған ортаны аялауға, қорғауға ұмтылып жатқанын көріп отырмыз. Азаматтарымыз экологиялық талаптарды сақтап, оны саналы түрде өмір салтына айналдырып келеді. Қоғамда жаңа экологиялық мәдениет қалыптасып жатыр.
Ақпарат құралдарында жарияланған мәліметке жүгінсек, өткен жылдан бері «Таза Қазақстан» акциясына бүкіл ел бойынша 6,2 млн адам атсалысты. Ұйымшыл жұрттың іс-әрекетінің арқасында 1,1 млн тонна қоқыс жиналыпты. 4800 қоқыс алаңының түгелге жуығы жойылды. Жоба өрісін кеңейтіп халықаралық сипат ала бастады. Бұған Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолиядағы табиғат жанашырларының Алматыда бас қосып, тазалықты ту етіп көтеруі айқын дәлел.
Әңгіме басында тазалық мәдениетінен сөз еттік. Ол қанға сіңген қасиетке айналғанда да ғана ол тұрақты сипат алады. Демек, біздің бойымыздағы тазалық мәдениетімізді паш ететін «Таза Қазақстан» жобасы тек қоқыс жинап, ағаш отырғызатын бір күндік іс-шара немесе сенбілік емес. Бұл өміріміздің сан-саласын қамтитын күнделікті тұрмыс салты мен дағдысы болуы тиіс. Сонда ғана біздің ұлттық мәдениетіміз табиғатпен үйлесім табады.

Талап Тілеген

Фото: gov.kz

27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже