jasqazaq.kz

ҚМА Перизат Қайратқа қатысты жаңа деректі жариялады

04 сәуiр, 11:46

Перизат Қайрат пен оның анасы Г. Алашбаеваның әрекеттері сарапталып, алаяқтықтың аса ірі көлемде жасалуына және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыруға күдікті деп танылды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) мәліметінше, Перизат Қайрат 2021-2024 жылдар аралығында қайырымдылық көмек көрсету мақсатында халықтан ақша жинаған. Өзі айтқандай, бұл қаражат мұқтаж балаларға, Палестина және су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жұмсалмақ болған.
Тергеу амалдарының нәтижесіне сай, жалпы ұрланған қаржы көлемі 3,5 млрд теңгені құрады.
П. Қайрат «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қорына түскен қаражатты өз жеке және анасы Г. Алашбаеваның есепшоттарына аударып, кейін оларды зергерлік бұйымдарға, киім-кешекке, жиһаз бен саяхаттарға, жөндеу қызметтеріне, автокөлік жалдау және басқа да шығындарға жұмсаған.
2024 жылы 1 сәуір мен 15 қараша аралығында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» ҚҚ-ның есепшотына 2,8 млрд теңге жиналып, жымқырылғаны анықталды.
Қылмыстық табысты жымқыру мақсатында П.Қайрат 16 серіктес жеке кәсіпкерлермен металдан жасалған киіз үй, қайық, етік және басқа да заттарды жеткізу жөнінде жалған келісімдер жасасқан. Бұл келісімдер іс жүзінде орындалмаған.
Соның нәтижесінде миллиард теңгеден астам қаржы қолма-қол ақшаға айналдырылып, жеке мақсатына жұмсалған.Осы соманың 72 млн теңгесі оның анасы Г.Алашбаеваның есепшотына «Солтүстік Қазақстан облысындағы зардап шеккен тұрғындарға тұрмыстық техника сатып алу» деген сылтаумен аударылып, кейін оны П.Қайрат қолма-қол ақшаға айналдырған.
Ақшаның бір бөлігіне 6,9 млн теңгеге «Rolex» сағатын сатып алған. Палестинаға көмек көрсету үшін жиналған қаражаттың бір бөлігі 2024 жылдың қаңтарында П.Қайрат «Rebel flowers» ЖШС сатып алуға жұмсалған. Оның құны 23 млн теңге болса да, ол келісімшартта күдік туғызбау үшін 2 млн теңгеге төмендетілген соманы көрсеткен.
Гүл бизнесінен түскен табысы 69 млн теңгені құрады.
Тергеу деректеріне сәйкес, ұрланған қаражатқа 4 автокөлік, 4 пәтер, 2 автотұрақ орнын, үй, жер телімін және ғимарат сатып алынған.
Сондай-ақ жалпы құны 158 млн теңге болатын зергерлік бұйымдар, аяқ киім және сөмкелер тәркіленді.
Жалпы құны 865 млн теңгені құрайтын қылмыстық жолмен алынған мүлікке тыйым салынды.
Г.Алашбаеваға қатысты үй қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от QR QMA / АФМ РК (@afm_rk)

JQ-Aqparat
Видео: ҚМА

12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?