jasqazaq.kz

Жолда көлігімен кері жүрген жүргізуші жазаланды (видео)

29 мамыр 2020, 13:35

Түркістан облысы полицейлері көлігін артқа жүргізіп, жол ережесін бұзған жүргізушіні жауапқа тартты. Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желіде жол бойында көлігімен артқа қарай жүріп, жол қауіпсіздігі ережесін бұзған жүргізушінің бейнежазбасы таралған болатын.

Аталған құқық бұзушылықты жасаған “Volswagen GOLF” маркалы көліктің жүргізушісін анықтау мақсатында Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері шұғыл әрекетке кірісті.

Тексеру жұмыстары барысында жиырма жастағы жүгенсіз жүргізуші анықталып, ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің үш бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Нақтырақ айтсақ, 595-бап (маневр жасау қағидаларын бұзу), 606-бап (жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы), 614-бап (көлiк құралдарының жүруіне кедергi келтіру) бойынша хаттамалар толтырылды.

Түркістан облысының полицейлері жолда жылдамдықты асырмауға, маневр жасау қағидаларын бұзбауға, мүмкіндігінше сақтық шараларын қолданып көлік басқаруға кеңес береді.

Жоғарыдағыдай теріс әрекет жасап, өз өмірінен бөлек, өзге де көлік жүргізушілеріне қауіп төндіріп, жол бойында кедергі келтірудің соңы жақсылыққа апармайтынын ескертеді.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет
09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
01 желтоқсан, 15:36
Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы