jasqazaq.kz

Жолаушы толы автобус боранда қалды

16 қараша 2016, 23:00

snimok

Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарына қаһарлы қыс келді. Бүгін қос өңірде сары шұнақ аяз тұрып, мектептер мен колледждерде сабақ тоқтаған. Ал сүйектен өтетін суыққа адам түгілі темір де шыдас бермей жатыр. Құтқарушылар бір күнде Омбыға бағыт алған үш бірдей автобустың жолда қалғанын айтады.

ktk.kz хабарлағандай, павлодарлықтарды саршұнақ аяз қысып-ақ тұр. Осы себепті құтқарушылар жол бойында күшейтілген режимде жұмыс істеуге мәжбүр. Мәселен, үскірік аязда Омбыға бағыт алған үш бірдей автобус діттеген жеріне жетпей қалған. Орта жолдан қайтқан жолаушылар құтарушылардың көмегімен жақын маңдағы елді мекендерге жеткізіліпті. Олардың қатарында 15 Қырғызстан азаматы мен 4 бала бар.

Асқарбек Омаров, Павлодар облыстық ТЖД басқарма бастығы:

-Ең бірінші себеп автобустардың тоқтауы ол жазғы жанармайға байланысты. Сондықтан кісілер жылы болғанда өздері өтіп кетеміз деп ойлаған ғой. Жазғы жанармайдың себебінен автобустардың қирауы болған.

Ал Шығыс Қазақстанда бораннан адам жоғалып жатыр. Мысалы, семейлік 50 жастағы малшы адасып кетіп, құтқарушылардың арқасында аман қалыпты. Атпалдай азамат қарлы боранның салдарынан қыстағын таба алмай қалған. Сондай-ақ, білім ошақтары да қатты аяздың ығына жығылуға мәжбүр. Қазір мектеп оқушылары мен колледждердің 1-2-курстары мерзімсіз демалысқа шығып жатыр. Және де педагогтар ата-аналарға абай болуды ескертуде.

Біржан Бұлабаев, Семей қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі:

-Енді мектепке жақын жерде тұратын балалар болады. Олар мектепке келетін болса, ұстаздары оқушыларды қарсалып сабақ өткізуі тиіс. Үйлеріне өздерін жібере салмай ата- аналарына хабарласып қолдарына тапсырып беру керек.

Өскемен қаласы да қаһарлы қыстың қыспағында қалды. Мұнда да оқу тоқтатылып, тіпті, жергілікті билік те тырп ете алмай отыр. Яғни, жыл сайын республика бойынша бірінші болып құрылатын 22 метр жаңа жылдық шыршаны безендіруге аяз мұрша берер емес. Еліміздің бірнеше аймағында күннің осылайша кенеттен сууын мамандар Қара теңіз үстінде өте салқын антициклонның түзілуінен көріп отыр. Синоптиктердің айтуынша, апта бойы аяз қысып, сынап бағанасы -40 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.

17 қазан, 12:01
Алматыда «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша көше тазалаудың жаңа форматы енгізіледі
16 қазан, 18:24
Алматыда коммуналдық техника паркі жаңартылып, жаңа қар ерітетін кешендер ашылып жатыр
16 қазан, 16:33
Медеу ауданында тұрғындардың өтінішімен 280 метрден астам баспалдақ жаңартылды
16 қазан, 16:13
Дархан Сатыбалды ауа сапасын бақылау мен заңсыз қоқыс орындарын жоюды тапсырды
06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті
30 қыркүйек, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында
25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу