jasqazaq.kz

Жолақысын төлемегені үшін телефонын сындырды (видео)

23 қараша 2017, 12:26

Әлеуметтік желіде Алматыдағы автобуста болған кезекті келеңсіз жағдайдың видеосы тарап жатыр. Онда жолаушымен керіскен кондуктор телефон сындырып, пальто жыртуға дейін барған.

Бейнежазбаны сол киімі жыртылған жолаушы әйелдің өзі түсіріп, «ВКонтактедегі» «Типичная Алма-Ата» парақшасына жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz.

«Автобусқа кіріп, жолақыны банк немесе СМС арқылы төлейін деп отырғанмын. Кондуктор «төледіңіз бе?» деп сұрады. Мен банк немесе СМС арқылы төлейтінімді айттым. Ол «бұлай болмайды, тек қолма-қол немесе «Оңай» картасымен төлеңіз» деді. Өзіме ыңғайлы жүйемен неге төлей алмайтынымды қайта-қайта сұрасам да, онымнан түк шықпады» дейді видео авторы.
Бірақ бұл әйелдің «Оңайы» бар екен. Сонымен төлей салайын деп шығарғанда, кондуктор картасын тартып алып, аппаратқа өзі қойып төлеген. Бірақ картаны қайтарып бермепті.+

«Өз аялдамама келгенде, оны (картаны – ред.) қайтаруды сұрадым. Ол (кондуктор – ред.) «жүргізушіде» деді. Картамды жүргізушіге неге бергенін сұрадым. Дұрыс жауап бермеді. Мен оған «әкеліп бер» дедім. Ол бас тартты. Сосын видеоға түсіре бастадым» дейді әйел.
Осыдан кейін басталған ұрыс кезінде кондуктор жолаушының пальтосын жыртып, телефонының бетін сындырған.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті