Жол сақшысы неге қымбат көлікті тоқтатады?

21 қазан 2016, 22:01

snimok

 Еліміздегі парақор полицейлер жаппай жұмыстан қуылуы мүмкін. Ішкі істер министрі жемқор сақшыларды тегіс қызметтен босатып, қайта жасақтауға дайын екенін мәлімдеді. Бүгін Қалмұханбет Қасымовты әбден қыспаққа алған депутаттар оның бағыныштыларының былығын тура бетіне басты. Әсіресе, қалың бұтаның арасына тығылып радармен аңдитын полицейлер параға дәнігіп алған. Тіпті көлік көп жүретін жерлерді өзара бөліп алып ақша істейді екен.

Бүгін депутаттар еліміздің бас полицейін әбден терлетті. Сөз таңдаудан да қымсынған жоқ. Қарамағындағы полицейлердің шетінен жемқор екенін генерал Қасымовтың бетіне басты.

Сергей Ершов, Сенат депутаты:

-Жол сақшылары арасындағы жемқорлық өршіп тұр. Қазір Грузиядағы тәжірибе жайында жиі айтылып жүр. Сіздер сол елге барып зерттедіңіздер ме?

Қалмұханбет Қасымов сақшылардың жиі пара алатынын мойындап отыр. Министрдің айтуынша, полицейлердің көбі жас мамандар. Барлығы баспанасыз шиеттей бала-шағасымен қаңғып жүр. Оның үстіне жалақысы да өте мардымсыз. Яғни, олар жоқшылықтан жемқорлыққа барады екен.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

-Грузияға біздің қызметкерлер бірнеше рет барып келді. Олар парақорларды жаппай жұмыстан қуып шыққан. Сөйтіп, сақшылардың жалақысын екі есеге көтеріп, жеке құрамды қайта жасақтады. Біз де дәл солай жемқор полицейлерді тегіс қызметтен бостауға дайынбыз. Ол үшін материалдық жағдай жасау керек.

Бүгін Қасымовқа кеңес берушілер көп болды. Мәселен, Мұхтар Тінекеев жол ережесін бұзған жүргізушіден полицей пара алмас үшін, хаттама толтыруды мүлдем алып тастауды талап етті. Сосын сақшы тек видео мен фотоға түсірсін деген ұсыныс жасады.

Мұхтар Тінікеев, Мәжіліс депутаты:

-Сіздің бағыныштыларыңыз үлкен тас жолдарды май шелпекке айналдырып алған. Сақшылар ағаштың артына тығылмай, үнемі көлігінің үстіндегі жарықты жағып жүрсін. Және инспектор жүргізушіні қызметтік темір тұлпарына кіргізіп сөйлеспесін. Түсінікті ғой, олардың не сұрайтыны.

Министр бірден айыппұл хаттамасын толтырудан бас тарта алмайтынын айтты. Өйткені, сотта видео мен фото дәлел бола алмайды екен. Ал полицейдің ереже бұзған адамды көлігіне отырғызғанда тұрған ештеңе жоқ дейді Қасымов. Тек оларды жаппай бейнетіркеуішпен қамту керек. Бірақ, сақшылар кеудесіндегі бұндай камераны жиі өшіріп тастайды деп шағымданғандар да болды.

Қалмұханбет Қасымов, Ішкі істер министрі:

-Полицей бейнетіркеуішті өшірсе, орталыққа бірден белгі барады. Сосын ол сақшыға рациямен шығып, неге өшіргенін сұраймыз, анықтаймыз. Жылдың соңына дейін барлық облыстарды осындай құрылғылармен қамту жоспарда бар.

Жемқорлықтан бөлек, елімізде жол апатынан қаза болғандардың саны Ауғанстан мен Сириядағы соғыстан ажал құшқандардан да көп. Былтыр 2 жарым мың адам жан тапсырған. Олардың барлығы жылдамдықты асырған жүргізушілердің кесірінен опат болыпты.

Облыс орталықтарындағы ахуал да оңып тұрған жоқ. Автотұрақтың аздығынан жүргізушілер балалар ойнайтын аулаларға дейін меншіктеп алған. Оларды қанша жазалағанмен нәтиже жоқ. Ал Грузиядағыдай ауқымды реформаны ақшасыз жасау қиын деген Қалмұханбет Қасымов енді бюджетке алақан жайып отыр. Ішкі Істер министрі полицейлердің жалақысы көтерілсе жемқорлықтың өздігінен жойылып кетеріне сенімді.

ktk.kz

17 шiлде, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде