jasqazaq.kz

Жол ортасына үй салған кім?

21 қараша 2017, 11:28

Шымкент қаласы, «Жас қанат» көшесінің тұрғындары көз алдарындағы заңсыздыққа төзе алмай, «Рейтинг» газетінің редакциясына арызданып келді.

Айтуларынша, белгісіз бір азамат «Жас қанат» және «Көркем» көшелерінің арасындағы көпшілікке арналған жол үстінен тұрғын үй тұрғызуда. Біз оқиға орнына барып, мән-жаймен танысып қайттық. Расында қос көшенің арасындағы құрылыс жұмыстары тұрғын үйлер қатарынан емес, жол бойында жүріп жатыр екен.

— Құрылыс жұмыстарын тез жүргізіп жатыр. Біз үй егесімен еш сөйлесе алмадық. Ол бізбен жолығудан қашқақтап жүр. О заманда бұ заман дәл көшенің ортасынан үй салу дегенді кім көрген? – деп ашына сөйледі «Жас қанат» көшесінің тұрғыны Сәбира Әбдірайымова.

Біз де үй егесімен жолығуға жан-жақты тырысқанмен онымен кездесу, байланысу мүмкін болмады. Егер мұнда үй салынса, онда екі ортадағы көше жабылып қалатынына тұрғындар алаңдаулы. Бұл өз кезегінде көптеген қиындықтар тудырады. Құдай бетін аулақ қылсын, өрт бола қалған жағдайда өрт сөндірушілер ортадағы тосқауыл салдарынан дер кезінде көмек көрсете алмайды. Және «Жас қанатттықтар» «Көркем» көшесіне бару үшін екі көше айналып баруға мәжбүр. Мұндай шектен шыққан әрекетке тосқауыл қою мақсатында тұрғындар Шымкент қаласы әкімдігіне, прокуратураға, қалалық жер қатынастары, Сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне шағымданыпты. Жанайқайларына жауапты басшылар қаншалықты құлақ асып қандай шара қолданатынын уақыт көрсетеді. Әліптің артын бағып әңгімеге қайта оралармыз.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті