Жол апаты: тоғыз адам мерт болды (Видео)

17 шiлде 2023, 13:58

Түркістан облысында жол апатынан 9 адам қаза тапты.
Polisia.kz-нің мәлімдеуіншt қайғылы оқиға бүгін таңертең орын алған.
Түркістан облысы Бәйдібек аудандық полиция бөліміне 17 шілде күні сағат 09:00 шамасында Шаян ауылы маңында жол апаты болғандығы туралы хабарлама келіп түскен. Облыстық маңызы бар Екпінді-Созақ тасжолы бойында Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Grafter автокөліктерінің соқтығысқаны анықталды. Апат салдарынан көлік құралдары өртенген. Көлік апатынан 9 адам қайтыс болып, 13 адам ауруханаға жеткізілді. Екі адам медициналық көмектен бас тартты.
Алдын-ала мәлімет бойынша, Nissan автокөлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бағытқа шығып кеткен. Оқиға орнына бірден Түркістан облысы Полиция департаментінің басшылығы барды.
Қазір көлік апаты бойынша Бәйдібек аудандық полиция бөлімі полицейлері жұмыс жүргізіп жатыр. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

 

JQ-Aqparat

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды