Таминаның ағасы осыған дейін де хабар бермей қарындасын алып кеткен екен. 17 жастағы жоғалған қыз туралы хабар берген жігіт оны туысы ұрлап кетті деп отыр. Бұл туралы NUR.KZ хабарлады.
Тамина Эльдарова мен Азиз Мамедов жақында үйлену тойларын жасауы керек. Бірақ із-түзсіз жоғалған қалыңдықты бірнеше күннен бері жақындары таба алмай жатыр.
Жігіттің айтуынша, осыдан екі апта бұрын Таминаның туыс ағасы оны ұрлап кеткен екен. Алайда Азиз оның үстінен шағым жазғандықтан, қызды үйіне қайтарыпты.
Ағасының өрекскел қылық көрсетуіне себеп — қарындасын ерте жаста күйеуге бергісі келмеуі екен.
«Мен Таминаны күнде сабағына алып барып, кешкі бесте алып кетіп жүретінмін. Сол күні оны сағат 19:00-ге дейін күттім, ол шықпады. Ал құрбылары оның әлдеқашан кетіп қалғанын айтты», — дейді алаңдаулы азамат.
Еске салсақ, Алматыда 12 ақпан күні Тамина есімді қыз жоғалып кеткен болатын. Оны соңғы рет Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жанынан көрген
«Таминаны көріп білгендер болса, +7 707 375 3094, +8 775 907 97 97 немесе 102 нөміріне хабарласуларын өтініп сұраймыз», — дейді жақындары.