Жоғалған студент қызды көрген куәгер табылды

18 мамыр 2016, 0:44

Снимок

Оңтүстік Қазақстанда бір апта бұрын жоғалған студент қызды табу үшін Шымкентке оның жүз шақты жерлесі келіп, жұрт, тіпті даланы атпен кезуге кірісті деп хабарлайды nur.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Полицейлерден хабар күтіп шыдамы таусылған Әйгерім Оспанбекованың ауылдастары мен құрбылары Шымкент маңын өздері түгел тінтіп шықпақ. Бүгін тіпті бойжеткенді ұрлап кетуі мүмкін күдіктіні көрдім деген куәгерлер де шыға бастады.
Әйгерімді іздеуге жұрт таңертеңнен бері тынбай келіп жатыр. Бір аптадан бері ізім-қайым жоғалған бойжеткен соңғы мәрте Шымкенттен он шақырым жерде көліктерінің бұзылып тұрғанын айтып, құрбыларына хабар берген.
Содан бері ешқандай хат-хабар жоқ. Енді Сарыағаш пен Шымкенттен келген 150-дей ерікті төңіректі түгел тінтіп көріп жатыр.
Тізіліп тұрған көліктермен жеткен Әйгерімнің ауылдастары таңертеңнен бері дала кезіп жүр. Таппай қоймаймыз деп бекінген жұрт, тіпті бірнеше күндік ас-суын өздерімен ала келіпті.
Бей-берекетсіздік болмас үшін іздеушілер өз арасынан бір адам сайлап, соған келіп есеп беріп жүр.
Дала кезіп жүрген іздеушілер көп ұзамай гүлді матаға оралып, жуырда ғана көмілген төмпешікті тауып алды. Мұны қыздың мәйітіне балаған жұрт абдырап, матаны ашуға да жүрексініп қалған. Криминалистер орама арасынан адамның емес, иттің өлексесін тапты.
Сарыағаш ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылының тұрғындары жерлесі Әйгерімді, тіпті атпен де іздеп жүр. Қырлы-сайлы жерлерді іздеуге жылқы таптырмас құрал деген ауылдастары 15 атпен келген.
«Шұңқыр, қамыс, сай-сала бәрін іздеп шығып жатырмыз. 40-50 шақырым жүріп қойған шығармыз», — дейді Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны Алтынбек Шыналиев.
17 мамыр күні Әйгерімнің жоғалуына қатысы бар такси жүргізушісі туралы ақпар да шыға бастады. Шымкент жанында мал бағып жүрген қойшының айтуы бойынша бір апта бұрын Ақжар ауылының маңында жас шамасы 25-тегі жігіт пен Әйгерімге ұқсас қыз көлік маңында ұзақ дауласыпты. Бақташының өзі бет-жүзін көрсеткісі келмеді.
«Ақшыл түсті, 09 маркалы «Жигули» көлігімен кешкі сағат сегіздерде келді. Қыздың үстінде қызыл көйлегі болған. Алыстан көрсем де қатты айғайласып жатқанын байқадым. Біраз жанжалдан соң үстіне ақ жейде киген ұзын бойлы жігіт көлігінен шығып біраз жүрді. Соңына дейін күтпестен мен де кеттім малдың соңынан», — дейді ол.
Ағылшын тілі мамандығында оқитын бірінші курс студенті Әйгерім Оспанбекова өзі тұратын Сарыағаштан Шымкенттегі оқуына шыққалы хабар-ошарсыз.
Қазір оның суреттері бүкіл облыстың елдімекендеріне ілінген. Жақындары болса енді атақты көріпкелдердің көмегіне жүгінеміз деп отыр.

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?