jasqazaq.kz

“Жігіттер” квартеті тарай ма?

04 ақпан 2025, 15:30

Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар “Жігіттер” тобының құрылғанына биыл 22 жыл. Осы жылдар ішінде топ қазақ музыкасын сүйетін көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленіп, көптеген хит әндерді жарыққа шығарды. Алайда соңғы жылдары топтың белсенділігі азайып, жанкүйерлер арасында түрлі сұрақтар туындады. Осыған орай, топ мүшесі Бағлан Әбдіраимов “Сырласу” бағдарламасында жауап берді.

Оның айтуынша, “Жігіттер” тобының әр мүшесі қазіргі таңда жеке кәсібімен, шығармашылығымен айналысып жүр.

“Қарқын бұрынғыдай емес. Айдар Шымкентте тұрып жатыр. Қыз ұзату, сүндет той, қарындас, жар-жар дегендей тойға қажетті рэпертуарының бәрін реттеп алды да тойларда жақсы жүр. Ал Ердос қайырымдылық іспен айналысып жүр. Мырзахан бірер ән жазып қояды. Аса белсенді емес. Бірақ тендермен айналысады. Енді төртеуміз де жинала қалып ән жазайық десек, басымыздың қосылуы қиын. Батыс пен Шығыс Қазақстанға барып қайттық қой. Алайда білек сыбана жұмыс жасамағаннан кейін “Сендер барсыңдар ма?” деп сұрайтындар бар.”

Яғни, топ мүшелері жеке кәсіптері мен шығармашылық бағыттарына көбірек көңіл бөліп кеткенімен, топ әлі де бар, өнер сахнасында жүр.

Әншінің сөзінше, көрермендер арасында “Жігіттер” тобы тарап кетті ме?” деген сұрақ жиі қойылады екен.

“Алдағы уақытта жеке концерттеріміз болып жатса, бәрі жиналады ғой. Айдардан сұрған көрінеді “Бөлініп кеттіңдер ма” деп, сөйтсе ол айтады “Бөлінгенмен қайда барамыз?” деп. Бөлінсек те, бөлінбесек те ештеңе жоқ. Бірақ осы бір әдемі төрттікті бұзудың қажеті шамалы деп ойлаймын.”-деп әнші жауап қатты.

Олжас Әбдіхалық

Сурет: ticketon.kz

28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк