Әлеуметтік желіде тараған «өрмекші-адам» жайлы видео жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды Baq.kz.
Инстаграм әлеуметтік желісінде биік ғимаратқа ештеңенің көмегінсіз өрмелеп кеткен жігіттің видеосы желі қолданушыларының қызығушылығын тудырды. Аты-жөні белгісіз паркурщик жайлы желі қолданушыларының бірі:
«Ғимаратқа былай өрмелеуге болатынын, тіпті елестете алар емеспін» — деп өз таңданысын жасыра алмаған екен.
Видеода биік ғимараттың бағаналары арасында ешқандай тірексіз, ешқандай арқан-жіптің көмегінсіз өрмелеген жігіттің әрекеті бейнеленген. Ол алғашқы талпынысында балконға шығып үлгермей қалды да, төмен сырғанап түсті. Екіншісінде діттеген жеріне оп-оңай көтеріліп, балконға шығып үлгерді.