jasqazaq.kz

Жиенхан Сувателұлы джиу-джитсудан жеңіске жетті

09 қараша 2017, 14:19


Моңғолияның Хэнтий аймағының тумасы, қандасымыз Жиенхан Сувателұлы Жапонияның астанасы Токиода джиу-джитсудың IBJJF желісі бойынша өткен Азия чемпионатында -100 келі салмақта жеңімпаз атанған болатын. Спорт шеберінің ендігі мақсаты – 2018 жылы Джиу-джитсудан өтетін әлем чемпионатында топ жару, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жиенхан Сувателұлы 1982 жылы Хэнтий аймағының Бэрх қаласында өмірге келген. Қазір Дорноговь аймағында Еркін күрес федерациясының төрағасы қызметін атқарады. Ұланбатыр қаласындағы Ауыл шаруашылығы университетін есепші мамандығы бойынша тәмамдаған қандасымыз самбо, дзюдо, моңғол күресімен қатар айналысады.

«Мен алғаш күреспен 16 жасымда айналыса бастадым. 2001 жылы Бэрх қаласының тойында жеңімпаз атанып «Сұмындық піл», 2003 жылы Дорноговь аймағының тойында «Аймақтық лашын», 2011 жылы Хэнтий аймағының тойында «Аймақтық піл» атағын алдым. Көп жылғы еңбектің нәтижесі 2016 жылы Дорноговь аймағының мемлекеттік тойында орындалып, барлық қарсыластарымды жеңіп «Аймақтық арыстан» атағын алған болатынмын», — дейді Жиенхан Kaznews.mn сайтына берген сұхбатында.

Сондай-ақ, спорт шебері 2001-2002 жылдары самбо күресінен ел біріншілігінің күміс және қола жүлдегері, 2016-2017 жылдары джиу-джитсуден ел біріншілігінің чемпионы атанса, 2016 жылғы Әлем чемпионатында 8-орын иеленген. Ал 2016 және 2017 жылғы дзюдо күресінің шеберлік турнирінде қола жүлдеге қол жеткізген шебер келесі жылы Джиу-джитсудан өтетін әлем чемпионатында бақ сынағысы келетінін айтты.

Моңғолиядағы қазақ сайтының хабарлауынша Баян-Өлгей аймағынан өзге басқа аймақтардағы жекпе-жектерде жеңімпаз атанған қазақтар санаулы көрінеді. Яғни 1938 жылы Хобда аймағында «Мемлекеттік лашын» Қожағапан Белденбайұлы екінші орын, 1976 жылы Орхон аймағында Бердіқан Солтанұлы бірінші орын, 1985 жылы Увс аймағында Қажымұқан Қожабайұлы бірінші, Бердіқан Солтанұлы екінші орын иеленген екен. Ал енді, Жиенхан осы тізімді жалғап отыр.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы