

Жезқазғанда автобус түгі қалмай өртеніп кетті. Салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
18 қазанда Жезқазған қаласындағы Алашахан көшесінің бойында «ПАЗ» автобусы түгі қалмай өртеніп кеткен.
«18 қазан күні сағат 19:19-да Жезқазған қаласындағы Алашахан көшесінде «ПАЗ» маркалы автобустың өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өртті сөндіруге Қарағанды облысының ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі жеке құрамының 11 қызметкері мен 3 техника жұмылдырылды. Оқиғадан зардап шеккен екі адам Жезқазған қаласының ауруханасына жеткізілді. Олар 1995 жылы туған жүргізуші мен 1994 жылы туған кондуктор. Өрттің шығу себептері анықталуда», — дейді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Жанна Дәуренбекова.
Автобустың өртеніп жатқан видеосы Instagram-дағы etozhez паблигінде жарияланды.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар