jasqazaq.kz

Жетісуда ауыр жарақат алған үш жасар бала ауруханаға түсті: әкесі ұсталды (Видео)

03 ақпан, 10:52

Жетісу облысында дене жарақатын алған үш жасар баланың анасы дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Артынша өз баласын ұрып-соғып, денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікпен баланың әкесі ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап jasqazaq.kz хабарлайды..

2 ақпанда, сағат 21:00-де «102» нөміріне медициналық мекемеден қоңырау түскен. Хабарламада ауруханаға денесінде зорлық-зомбылық белгілері, жарақаты бар үш жасар баланың жеткізілгені туралы айтылған.

Аталған дерек бойынша «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері баланың әкесін тұрғылықты мекенжайы бойынша алкогольдік масаң күйде ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

«Қазіргі уақытта анасы баламен бірге медициналық мекемеде, жәбірленуші балаға қажетті медициналық көмек көрсетілуде», — делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі таңда орын алған оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу және процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.

13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес