jasqazaq.kz

Жетісу облысында есірткі сатушы марихуана саудалап тұрған жерінен ұсталды

27 қазан 2022, 15:04


Жетісу облысында жүргізілген арнайы операция кезінде есірткі сатушы қылмысы үстінде қолға түсті, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Текелі қаласында арнайы операция жүргізді. «Бүркіт» арнайы жасағының көмегімен 38 жастағы есірткі сатушы ұсталып, одан 1 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді.

«Іс-шара Қарасора жедел алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілді. Күдікті 62,26 грамм марихуананы сату кезінде ұсталды. Сонымен қатар, жалпы салмағы 1 келіден асатын есірткі оның тұрғылықты жерінен Мойнақ қызметтік іздеу итінің көмегімен қалалық сот санкциялаған тінту кезінде табылды. Ұсталған азамат бұрын ұрлық, алаяқтық және көлік ұрлау деректері бойынша бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған», — деді Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Аян Исабеков.

Жыл басынан бері облыс полициясының күшімен заңсыз айналымнан 40 келіден астам түрлі есірткі тәркіленді. Оның ішінде 2 келіден астамы – «синтетика». 22 есірткі сатушы ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті