jasqazaq.kz

Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда

31 шiлде, 12:19

Түркістан облысы Жетісай ауданында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сапасын жақсарту бағытында бірқатар әлеуметтік және құқықтық бастамалар қолға алынған.

Аудан көлемінде мүгедектігі бар адамдардың мәселелерін шешу үшін тұрақты түрде аудан әкімдігінде тыңдалымдар ұйымдастырылып отырады. Биыл жыл басында бірінші топтағы зағип жандар өздерін қоғамдық орындарға апаратын жеке көмекшілердің санаторийлық-курорттық емдеу кезінде де бірге барып, қызмет көрсетуін сұраған. Бұл өтініш негізінде аудандық мәслихат тарапынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарына ұсыныс хат жолданып, заңнамаға өзгерістер енгізу сұралған. Бүгінгі таңда бұл бастама назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Облыстық деңгейде инклюзивті даму саясаты шеңберінде мүгедектігі бар азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейту бағытында кешенді іс-шаралар іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, білім беру ұйымдарында ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолжетімді орта қалыптастыру, кәсіптік бағдар беру, ерте психологиялық-педагогикалық көмек көрсету және оңалту орталықтарын кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

Жетісай ауданында мүгедектігі бар адамдардың өтініштеріне сәйкес абилитация және оңалту бағдарламалары аясында облыстық және республикалық бюджеттерден қаржы қарастырылған. 2025 жылдың басынан бері аудан бойынша жалпы 4491 өтініш тіркеліп, оның 2631-і қажетті құралдармен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда:
* Протез-ортопедиялық құралдарға – 720 өтініш түсіп, 335 орындалған;
* Сурдотехникалық құралдарға – 25 өтініш түсіп, 12 орындалған;
* Тифлотехникалық құралдарға – 74 өтініш түсіп, 52 орындалған;
* Кресло-арбаларға – 96 өтініш түсіп, 80 орындалған;
* Санаторий-курорттық емге – 1921 өтініш түсіп, 578 орындалған;
* Ымдау тілі маманының қызметіне – 71 өтініштің барлығы орындалған;
* Міндетті-гигиеналық құралдарға – 1584 өтініш түсіп, 1503-і орындалған.

Мүмкіндігі шектеулі жандар мен зейнеткерлерге қолдау көрсету мақсатында 2021 жылы ашылған «Асыл Қазына және Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы қазіргі таңда өз жұмысын белсенді жүргізуде. Орталықта йога, сенсорлық бөлме, тұзбен емдеу, еңбек терапиясы, массаж сынды қызмет түрлері қолжетімді.

Мүгедектерді әлеуметтік қолдау бағдарламаларының орындалу барысы аудандық мәслихаттың тұрақты бақылауында. Жыл сайынғы мәслихат жоспарына сәйкес, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшыларының есептері тыңдалып, депутаттар тарапынан нақты сұрақтар мен ұсыныстар айтылып, жұмыс сапасы бағаланады.

«Мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту – біздің ортақ міндетіміз. Осы бағытта ауданымызда жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Түскен әр ұсыныс назардан тыс қалмайды, қажетті заңнамалық негіздерге сүйене отырып, тиісті шешімдер қабылданып келеді»-деді Жетісай аудандық мәслихатының төрағасы Медет Алмасбекұлы.

Олжас Әбдіхалық

14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған