Перуде жерлеу рәсімі кезінде таңғаларлық оқиға болды. Өлдіге саналаған 28 жастағы жігіт аяқ астынан тіріліп кетіп туыстарын шошытты деп жазады life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Марқұм Уотсона Доротео 21 қазан күні тісіне ота жасатқаннан кейін қаза болған. Алайда қоштасу рәсімі кезінде ер адамның туыстары оның көкірек қуысы жоғары-төмен көтіріліп тұрғанын байқайды.
Кейін олар бауырларының дем алып жатқанын сезіп, бірден дәрігерлерді шақырады. Алайда бәрі де кеш болады.
Дәрігерлер оның осы уақытқа дейін тірі жатқанын растағанымен Уотсона Доротео бірер сәттен кейін шын мәнінде қаза болады.
Ер адамның туыстарының айтуынша, Доротео операция кезінде тісіне егіліген дәрінің әсерінде болып, тірі жатқан екен.