jasqazaq.kz

Жерді заңсыз үлестірген шенеунік жұмыстан босатылды

14 қараша 2017, 12:19

Кадастрлық құны 56 млн теңге болатын 51 жер телімін халыққа заңсыз үлестірген маңғыстаулық шенеунік жұмысынан босатылды, деп хабарлайды 24.kz.

Қарақия ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысының бұрынғы басшысы коммерциялық мақсаттағы жер телімдерін қосалқы шаруашылық үшін деп тұрғындарға таратып келген.

Кейін ол жерлердің құжатын кәсіпкерлік нысан немесе тұрғын үй салуға ауыстырып отырған. Мемлекеттік қызметкердің айласын аудандық про-куратура әшкерелеп, жалпы көлемі 8,25 гектар жер телімін мемлекетке қайтарды.

Бұл дерек тәртіптік кеңесте қаралып, нәтижесінде бөлім басшысы мен сәулетшісі қызметінен қуылды. Ал аудан әкімінің орынбасарына ескерту жасалды.

Мақсат Жақаев, Қарақия ауданының прокуроры:

– 2015 жылғы өзгерістерге байланысты жер қазіргі кезде тек қана аукцион, конкурстар арқылы беріледі. Яғни осыны біле тұра, заңды айналып өтіп, жоғарыда аталған бөлім басшылары 51 жер телімін заңсыз қосалқы шаруашылық ретінде табысталғаны анықталды. Тексерудің нәтижесін ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тәртіптік кеңесіне ұсыныс ретінде енгізген болатынбыз.

Бүгін, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы