jasqazaq.kz

Жерді қытайлар басып алды деп жалған ақпарат таратқаны үшін сотталды

02 қараша 2017, 13:06

Астана қаласының Сарыарқа аудандық № 2 сотында Айдын Егеубаевтың ісі бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы елордалық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz  хабарлады.

«Бүгін Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында А.К.Егеубаевқа қатысты үкім шығарылды.  Ол ҚР ҚК 130-бабы 3-бөлігі («Жала жабу») бойынша кінәлі деп танылды және 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», — делінген хабарламада. Еске салайық, 2016 жылы 30 шілдеде А.К.Егеубаев ҚР Қаржы Министрлігінің мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы атына, 2016 жылы 21 қазанда ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрінің атына, Н.Н.Биядиловтың және «Бәтуа» ЖШС заңды тұлғасының абыройы мен қадыр-қасиетін қаралайтын, іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жала жабу сипатында хат жазған. 2016 жылы 13 шілдеде қазақстандық БАҚ «Нұр Отанның» белсендісі қытайлықтар Қазақстан жерін иеленіп алғанын растайды» атты мақала шыққан болатын. Сонымен қатар Егеубаев Youtube желісінде өз үндеуін жариялаған. Осы іс бойынша сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Осы жағдайға байланысты Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Шығыс Қазақстан облысында әкім болып тұрған кезінде қытайлықтарға жер сатты деп әлеуметтік желіде ақпарат таратқан азаматты сотқа беретіндігін мәлімдеді.

 

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы