Жерді қайдам, малдың да қиын таппайсың

08 шiлде 2016, 17:22

2

«Субсидияны бей-берекет таратуды доғару керек. Кейбір шаруа қожалықтары соған әбден үйреніп алған. Ал мемлекетке ешқандай қайтарымы жоқ. Ең бастысы, бұлардан ешкім ештеңе сұрамайды». Көкшетауда алқап басында тұңғыш рет «Жас қазақ» газетінің конференциясын өткіздік. Сол кездесуге қатысқан шаруа қожалықтарың өкілдері осындай ой тастады. Конференцияға зейнеткер Балтабай Таубаев, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы «Қайрат» шаруа қожалығының басшысы Бауыржан Молдағалиев, «Жаңауыл» шаруа қожалығының басшысы Құлан Болатов,«Жаңауыл-2012» шаруа қожалығының басшысыМағжан Болатов қатысты.
Жас қазақ: Апта сайын Жер комиссиясының отырысы әр аймақта өтіп жүр. Біз де сол өзекті мәселе төңірегінде ой қозғау үшін сіздерді алқап басына жинап отырмыз. Біз әңгіме басын жерді игеруге дейінгі қандай мәселенің түйінін шешу керектігінен бастасақ.
ТаубаевБалтабай Таубаев: Өз басым барлық саналы ғұмырымды ауыл шаруашылығына арнадым. Осы салада инженер-механик болып еңбек еттім. Зейнеткерлікке дейінгі 28 жылда басшылық қызмет атқардым. 18 жыл Зеренді ауданындағы «Ленин жолы» кеңшарының директоры, 10 жыл Келлер жөндеу зауытының директоры болдым. Сол кезде субсидия, сыбайлас жемқорлық, тендер, бизнес, кәсіпкерлік тәрізді сөздердің не екенін білмейтінбіз. Шегіртке тәрізді ауыл шаруашылығы алқабының зиянкестері де болған жоқ. Бірқатар кеңшардағы мал шаруашылығына ғана дотация берілетін. Бұған өнімділігі аз жерде орналасқан шаруашылықтар кіретін.
Мал шаруашылығы неге шығынға жиі ұшырады? Өйткені, мемлекетке тапсырылатын ет, сүт, нан тәрізді ауыл шаруашылығы өнімінің бағасы төмен болды. Мәселен, сол кездегі 1 литр сүт 30 тиынға жуық болса, 1 шиша лимонад 24 тиынға бағаланды. Басшылардың бұл бағаға көңілдері толмай, жиі мәселе көтеретін. Бұл сауалға қалалықтар мен қарапайым халықтың дастарханындағы азық-түлік тағамы арзан болуы қажет деп жауап берілді. Сол кездегі аталған тағамдар экологиялық жағынан таза болды. Бүгінгі таңда дүкендерде сатылатын шетелдік ауыл шаруашылығы тауарының сапасы сын көтермейді. Бұдан тұрғындар арасында ауру мен өлім-жітім көбейді. Шаруашылықта жұмысшы күші үнемі жетіспейтін. Кеңшарлар мен ұжымшарлар таратылғаннан кейін аудан орталығында автобаза, ауыл шаруашылығы техникасы, осы саланың энергиялық және химиялық кәсіпорындары, арнайы ПМК, тұрмыстық жиһаз, нан зауыты, аудандық тұтынушылар одағы, ПМК-1701, Викторовка май зауыты тәрізді өзге де кәсіпорындар мен ұйымдар жабылды. Қанша адамдар жұмыссыз қалғанын санау қиын емес.
Қазір шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде айту сәнге айналған. Біздің бизнесшілер мемлекет пен халықтың баюы үшін ештеңе берген жоқ. Сатып алынатын шетелдік ауыл шаруашылығы техникасы өте қымбат. «Джон Дир» маркалы өнімділігі жоғары комбайн өзін өзі ақтай алмайды. Бұл комбайнға гектарынан 50-60 центнер астық өндірілетін алқап қажет. Оның үстіне дизель отынын көп шығындайды. Қосалқы бөлшектері қымбат. Біздің алқаптардан орташа есеппен гектарынан 15-18 центнерден астық өндірілетіндіктен, комбайн тетіктері жұмыспен толық қамтамасыз етілмейді, тез сынады.
Жас қазақ: Сонда не істеуіміз керек?
Барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарына шегіртке сияқты зиянкестермен күресу үшін мемлекет беретін субсидияны қысқартқан жөн. Жерді күзде дұрыс өңдеу қажет. Субсидия алып үйренген кейбір шаруа қожалықтары мұнымен өмір сүруде. Мемлекетке ешқандай қайтарымы жоқ. Ең бастысы, бұлардан ешкім ештеңе сұрамайды. Бүгінгі таңда пайда болған шетелдік трактор, комбайн, дән сіңіретін құрылғылар өте ауыр. Жерді таптап тастайды. Күзде жер өңделмегендіктен, көктемде еритін қар суы топыраққа сіңбейді. Оның нәтижесі көпшілікке белгілі. Ең бастысы, топырақтың құнарлы қабатын су шайып кетеді. Кейбір ғалымдар Американы ашқандай, гумусты қалпына келтіру үшін топыраққа малдың қиы тәрізді органикалық тыңайтқышты енгізуді ұсынады. Қазір бұрынғыдай мал жоқ. Барлық алқапқа малдың қиын қайдан табасың? Айдабол спирт зауытының тегін бардасы толық пайдаланылмайды, өзенге құйылады. Бұрын Айдабол мал бордақылау кеңшарында 7-9 мың басқа дейін ірі қара мал бағылатын.
Жас қазақ: Бауыржан сіздің де бір шаруа қожалықтың жұмысын жүргізіп отырғаныңызға біраз уақыт болды. Бүгінде нақты қандай мәселе бар?

Бауыржан МолдағалиевDSC_6852Бауыржан Молдағалиев:Қазір елде жұмыс істейтін адам жоқ. Ең бастысы, біз халықты жалқау қылып жібердік. Өзгені былай қойғанда, біздің аудандағы, жалғыз біздің аудан ғана емес, төңіректің бәрі бақташы таба алмай қиналып отыр. Ай сайын қолма-қол ақшасын төлесе де, қой мен сиырды, жылқыны бағатын адам жоқ. Ал, ауылдағы тепсе темір үзетін жігіттердің бәрі босқа сенделіп жүр. Әлі есімде ең алғаш осыдан жиырма жыл бұрын өз алдыма жеке шаруа қожалығын құрып шыққан кезімде, дәл осындай болды. Біздің қазақта жалған намыс бар. Ол ешкімге жалданып жұмыс істегісі келмейді. Шаруа қожалығын құрып, екі-үш механизаторды келісім-шарт бойынша жұмысқа алып едік ауылдағы құрдастары «бұлар Қайраттың құлдары» деп кекетіп, әжуалай берді. Әлгі сөзге намыстанған механизаторлар егін орағы күйіп тұрғанда жұмысқа шықпай қойды.Қазір егін орағы кезінде біз тәрізді ұсақ шаруа қожалықтары емес, үлкен фирмаларға көп адамның керегі де жоқ. Кешегі кеңес заманында кеңшардың егістік алқабын жүзге жуық комбайн орып, атжалға салып, бастыратын. Қазір осы жұмыс ауқымын шетелдік қуатты комбайндардың төрт-бесеуі атқара береді. Бұрын әр комбайншының көмекшісі болатын. Сонда бір кеңшарға 200-ге жуық комбайншы қажет еді. Ал, қазір он адамболсажетіпжатыр. Ал, қалғанмеханизаторлар не істемексонда. Айтқандай механизатор дейтін, механизатор да қалғанжоқ. Алдыңғыбуынағаларымызәлдеқашанзейнеткерліккешығыпкеткен. Оданкейінгібуынмаңдайынан тер сорғалап, жұмысістепкөндіккенжоқ.

 

Құлан БолатовҚұлан Болатов: Бауыржан дұрыс айтады. Ел еңбектенқолүзгелі не заман. Міне, мен жылқымды, қарамалымдыбағатынкісітабаалмайРесейденэлектрбақташыәкелдім. Адамменжұмысістегенше, осы электрбақташының өз ідұрыс. Мысалы, жүз гектар жерді осы құрылғымен қоршап, ішіне малымды жіберсем, тек суару мәселесі ғана қалады. Ал, жалынып-жалпайып, күні бұрын ақшасын төлеп жалдаған адамың мазамды алатын еді. Малдан бұрын әлгі адамды бағу уайым болатын.
Өткен жылы мемлекет тарапынан субсидия көп көмек болды. Егістік алқаптарын химиялық өңдеу үшіналған дәрі-дәрмекке жұмсалған қаржының 40 пайыздайын қайтарып алып жүрдік. Бұл тиын санаған шаруа қожалықтары үшін көп көмек. Биылғыжылы мұндай көмек көрсетілмей тұр.
Соңғы кезде жердің құнарлылығын сақтау және арттыру туралы мәселе жиі көтеріліп жүр. Мен айтар едім, ұсақ шаруа қожалықтары ешқашан жер құнарын көтере алмайды. Ол үшін көп дүние керек. Егер шынымен құнарлылығын арттыру жолында жұмыс істеу қажет болса, онда ауылшаруашылығы құрылымдарын ірілендіру қажет шығар.
Балтабай Таубаев: Менің ұсынысым мынандай. Бүгінгі таңда қарқынды жұмыс істейтін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдарды ауыл шаруашылығында қалдырып, мал басын көбейтуді міндеттеу керек. Жастарды ауылда ұстау үшін тұрғын үй құрылысын жүргізу қажет. Кейбір елді мекендерде 1 сыныптың оқушысы мүлдем жоқ. Еліміздің әр өңіріндегі шектеулі жерді азиялықтардан өзге батыс елдерінің инвесторларына жалға беруге болады. Олардан біздің диқандар жоғары өнім алудың озық әдісін үйренер еді. Бұдан біз көп ұтамыз. Жалға берілетін алқаптар бақылауда болуы тиіс. Ерікті-еріксіз жолмен бұрынғы кеңшар тәрізді мемлекеттік ауыл шаруашылығы құрылымын құру керек. Оның жұмысы жоспарлы және шаруашылық есептік болуы тиіс. Аудан аумағында орналасқан барлық ұйымдар аудан әкімінің қарамағында болып, есеп берулері қажет.
Ауыл шаруашылығын дамыту жөнінде Беларусь Республикасынан үлгі алған жөн. Бұл елде 8,3 миллион адам тұрады. Жерінің 20 пайызы орманды алқап пен батпақ. Ашық күн өте аз. Өздерінің газы, мұнайы мен металл кеніші жоқ. Дегенмен, жоғары нәтижеге қол жеткізуде. Мұнда бұрынғы мемлекеттік-жекеменшік түрі сақталған. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көбі экспортқа шығарылады. Ал, біз сапасы өте күдікті азық-түлік тағамдарын шетелдерден тасымалдағанымыз ұят. Нақты таза өнім болмағандықтан, тұрғындар арасында өлім-жітім көбейді. Қазір химикаттармен арамшөпті жою тәрізді нөлдік технологияны қолдану сәнге айналуда. Ғалымдардың айтуынша, бұл гумустың 30-40 пайыз азаюына әкеледі. Егер бізден, яғни егде адамдардан өсіп келе жатқан жас ұрпақ: «аталар бұрынғы шаруашылықтарыңыздан өздеріңізден кейін біз үшін не қалдырдыңыздар?» деп сұраса, әрине жауап болмайды. Бұл да ұят. Халық болашақ ұрпақ үшін материалдық құндылық құру жолында еңбек етті. Бұл еңбектің нәтижесі аяқ астында қалды.
Үкіметтің еңбасты кемшілігінің бірі – жерді жалға алған акционерлік қоғамнан, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, фирмалар мен шаруа қожалықтарынан ештеңе талап етілмеуінде болды. Соның салдарынан алқаптағы өнімділік төмендеді. Ет пен сүт аз өндіріледі. Еркіндікті дұрыс түсінбегендерге жоспар жасап, тапсырма беру керек еді. Осы айтылған фактілер жөнінде Парламент депутаттары білсе де үндемейді. Түсініксіз. Әзірше көрнекті жоспар жасамайық. Алдымен, 1991 жылдың ауыл шаруашылығы көрсеткіштерімен теңесейік. Біз оған инвестициясыз, субсидиясыз, шетелдік техникасыз, жалпы ешкімнің көмегінсіз қол жеткіздік.
Өткен айдың басында Елбасы барлық министрлермен және республика басшыларымен өткізген кеңесте кейбір Үкімет мүшелері брифинг өткізу кезінде журналистерден қашатынын атап өтті. Дамыған елдердің стандарты қоғам алдында жиі есеп беру болып табылады. Халықтың пікірін тыңдап, олардың алдында аяқтың ұшымен жүру керек. Бұл Президенттің сөзі. Ал,жергілікті жерде не болып жатыр. Мұнда келетін Парламент депутаттары өңірді тез аралап шығады. Тек қана депутат келді деп естисің. Тұрғындармен кеңейтілген кеңес жүргізбейді.

Мағжан Болатов: 
Биылғы жылы 50-60 биені байладық. Күніне 100 литрге жуық қымыз дайындаймыз. Бірақ, жаңа ағаларым айтқандай, сауатын және бағатын адамға зәруміз. Уақытында жалақысын төлеп тұрсақ та, жұмысты өзінікіндей қылып істейтін адам жоқ. Жастардың барлығы қалаға кеткен. Ауылда қалғандары жұмыс істегілері келмейді. Негізінде, ауылдың іргесі сөгілмеу үшін кейінгі толқынды еңбекке баулитын бір әдіс немесе насихат керек тәрізді. Қазіргі жастардың көбі алдыңғы буынның бейнетін көрмесе де естіді. Олардың көбі кешегі кеңес заманында тас қопарып еңбек етсе де, соған лайықты зейнетақысын ала алмай қалды. Қазіргі жастардың ұғымында қанша жұмыс істесең де бәрібір бағың жанбайды дейтін сезім бар. Сондықтан, алдағы уақытта еңбек адамын қадірлеу, дәріптеу тәрізді мәселелерді ойластырған жөн шығар. Сол арқылы әлі де ұйқысынан оянбай жатқан ауылдың адамдарын ұлы істерге жұмылдыруға болады.
Бүгінгі әңгіме барысында кем-кетігімізді айтпай-ақ қояйық. Оны біреу келіп, бізді аяп бәрібір істеп бермейді ғой. Сондықтан, өз қотырымызды өзіміз қатысуымыз керек.

Байқал Байәділов

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген