jasqazaq.kz

Жер сілкінісі: Тәжікстанда 100-ге жуық үй қирап, бір бала көз жұмды

14 сәуiр 2025, 10:08

13 сәуірде елде болған жер сілкінісі салдарынан Тәжікстанның екі ауданында 100-ге жуық тұрғын үй қирап, тағы бірнеше ондаған ғимарат зақымданып, бір бала қаза тапты. Бұл туралы елдегі Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің (ТЖК) Дағдарысты басқару орталығы хабарлады, деп жазады ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» хабарлады.

Хабарламада Рашт аймағының бес ауылында 40 тұрғын үй толығымен қирағаны, 5 тұрғын үй, 3 шайхана және 1 қосалқы мектеп ғимараты жартылай қирағандығы атап көрсетілген.
Сонымен қатар, Үштұрпаст ауылында үш жасар баланы үйдің қабырғасы басып қалып, мерт болған.

Айта кетейік, 13 сәуірде Тәжікстанда екі рет жер сілкінген. Алғашқысы жергілікті уақыт бойынша 09:24-те тіркелді. Магнитудасы 5,8. Оның көршілес Өзбекстан аумағына әсер еткені, Ташкентте 2 баллдық күшпен жерасты дүмпулері сезілгені айтылды.

Екінші жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 12:14-те болды. EMSC мамандары жер сілкінісінің магнитудасын 4,2 деп бағалады.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) 14 сәуірге қараған түні, UTC 0:44 (Қазақстан уақытымен 5:44) кезінде Тәжікстанда магнитудасы 4,5 балдық тағы бір жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді.

Фото: Avesta.tj

Бүгін, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк