Жеңілдетілген несие неше адамға жетті?

17 шiлде 2023, 12:51

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты статистикалық деректерді жария етті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.«Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 2022 жылдың басында жинақталған утильалым қаражатын ұтымды әрі тиімді пайдалану әдісіне қатысты Президент берген тапсырма аясында іске қосылған болатын. Жинақталған қаражат есебінен револьверлік-қайтарым негізінде жеңілдетілген автонесие бағдарламасы іске қосылды. Бұл мақсатқа бөлінген 100 млрд теңге халықтың 12 650 автомобиль сатып алуын қамтамасыз ету. Дегенмен, қолда бара қаражат есебінен халықтың басым бөлігінің қажеттілігін тиімді қамтамасыз ету және қанағаттандыру міндеті тұр және де жеңілдетілген автонесие бағдарламасын автобустарды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасына қайта бағдарлау жүктелген міндетке сай келеді. Қазіргі уақытта қалалық автобус парктерінде 10 525 жолаушылар көлігі бар. Олардың 46 пайызы тозған. Бұл көрсеткіш кейбір қалаларда 90 пайызға дейін жетеді. Сол арқылы қызмет сапасы мен тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды. Жеңілдетілген автонесие бағдарламасын автобустарды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасына қайта бағдарлау санаулы адамның автомобиль сатып алу қажеттілігін қанағаттандырғаннан гөрі халықтың күнделікті жайлы әлі сапалы қатынау мәелесін барынша белсенді шешуге мүмкіндік береді. Осыған орай жеңілдетілген автонесие бағдарламасы өз міндетін жүзеге асырды және де ол басқа бағытта жүзеге асырылуын жалғастырып жатқаны» жазылған жауапта. Қайтарылған револьверлк қаражат есебінен 640 автомобиль сатып алынды. Бағдарлама бойынша жалпы 13 342 адам төмен пайызбен көлікті болды.

JQ-Aqparat

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды