jasqazaq.kz

Жеңілдетілген автонесие: қосымша қаржыландыру бола ма?

27 тамыз 2022, 14:04

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген автонесиеге қосымша қаржыландыру бола ма деген сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Автонесиеге келетін болсақ, шынымен де өтініш көп. Біз мүмкіндігінше қосымша қаржы бөлуге тырысамыз. ӨКМ-дегі 220 миллиард теңгенің 100 миллиардын жеңілдетілген автонесиеге, ал 30 миллионын ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге аудардық. Яғни, ауылшаруашылығымен айналысатындар комбайн, тракторларды жылына алты пайыздық жарнасыз сатып ала алады», — деп түсіндірді Скляр үкімет отырысында.

Скляр жеңілдетілген автонесиелерді ұзартуға және қосымша қаржыландыруға барынша мүмкіндік жасайтынын айтты.

«Біз кәсіпкерлер мен азаматтардың көліктерін жаңартуға, сол арқылы экологияны жақсартуға көмектесеміз. Егер мұндай мүмкіндік болса, біз оны пайдаланамыз. Жеңілдікті автонесиеге бөлінген 100 миллиард теңгені 12 мыңнан аса адам пайдаланды», — деді Роман Скляр.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті