jasqazaq.kz

Жемқор жазадан құтылмайды

09 қараша 2017, 10:41

Маңғыстауда шенеунік 50-ге жуық жер учаскелерін шаруашылыққа заңсыз берген. Бұл туралы Маңғыстау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова хабарлады. Еске сала кетейік Елбасының билғы Қазақстан халқына Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет» — делінген еді. Бүгінде сол тапсырма аясында нақты шаруалар атқарылып жатқанына куә болып отырмыз. 

Н.Жанназаровның айтуынша,  Қарақия аудандық «жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  басшысы А.Төлегенов Құрық  селосы  аумағынан  50-ге жуық  жеке және заңды тұлғаларға қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелерін заңсыз беріп келген.

Бұл деректі прокуратура анықтаған соң, заң бұзушылықты жою туралы ұсынысы негізінде шенеунікке қатысты тәртіптік іс қаралып, шешім шығарылған. Орын алған заң бұзушылықтар мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс әрекет болып бағаланып, Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен бөлім басшысы қызметінен қуылды.

Жыл басынан бері Әдеп жөніндегі кеңестің 11 мәжілісі өткізіліп, 55 мәселе қаралды. Оның 40-ы мемлекеттік қызметшілерге қатысты қозғалған тәртіптік іс.

Тәртіптік жаза қолдану жөнінде мемлекеттік мекеме басшыларына 20 ұсыным жолданып, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін 6  қызметшіге — «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» берілсе, 2 қызметші «атқаратын қызметінен босатылды». Қалған 12 қызметшіге Әдеп  кодексімен 8 – ескерту, 2 – «сөгіс», 2 – «қатаң сөгіс»  түрінде жазалар қолданылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметшілердің әдеп ережелері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және сыбайлас жемқорлық профилактикасы мәселелері бойынша жұмыс істейтін 1424 Колл-орталығының және департаменттің сенім телефонымен қатар, жаңадан WhatsApp қосымшасы арқылы СМС және аудио хабарламалар үшін  Маңғыстау облысы бойынша ШҰҒЫЛ ЖЕЛІСІНІҢ ашылғандығын хабарлады.

     

 

 

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы