jasqazaq.kz

Жеңілмейтін Жанқош Астанада бокс кешін өткізгісі келеді

29 қараша 2016, 19:50

snimok

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанада кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровпен кездесіп, Алматыда өткен бокс кешіндегі жеңісімен құттықтады және министрлік атынан арнайы естелік сыйлық табыс етті.

20161129161215

ҚазАқпарат хабарлағандай, «Алматыда өткен айқаста ганалық Айсак Ариемен өткізген жекпе-жегіңде жергілікті жанкүйерлеріңе керемет көңіл күй сыйладың. Біз ел мерейін асырып жүрген сендер сияқты мықты спортшыларымызбен мақтанамыз», — деді министр. Сондай-ақ, кездесу барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Алда ЭКСПО келе жатыр. Осыған орай Астанда бір кәсіпқой бокс кешін өткізуді жоспарлап отырмыз. Осыған дейін, Геннадий Головкин, Қанат Исламмен кездесіп, осы тақырыпта әңгіме өрбіткен болатынбыз. Бүгін сенімен де осы тақырыпта ақылдассақ деген оймен арнайы шақырдық», — деп атап өтті.

snimok

Өз кезегінде Жанқош Тұраров министрге алғысын айтып, егер билік тарапынан қолдау болса, бокс кешін өткізуге қуана келісетінін жеткізді. «Егер, билік тарапынан қолдау болып жатса, неге бокс кешін өткізбеске? ЭКСПО алдағы жылы елімізде өтетін ең ірі шаралардың бірі. Елбасымыз да спортқа ерекше назар аударып отыр. Осы орайда Астанада үлкен бокс кеші өтіп жатса, ЭКСПО-ға келген қонақтар үшін де, жергілікті қала тұрғындары үшін де үлкен қуаныш болар еді», — деді боксшы. Естеріңізге сала кетейік, Жанқош Тұраров осыған дейін 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 14-ін уақытынан бұрын аяқтаған.

20161129161223

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету