jasqazaq.kz

Жеңгетайдың жолы болмады

14 қараша 2016, 19:42

snimok

Алматы полицейлері жеңгейтайлықпен айналысатын топты ұстады.

Tengrinews.kz хабарлағандай, қылмыстық іс материалдарына қарағанда, бұл интим-бизнесті 32 жастағы Ж. есімді азаматша ұйымдастырған.

«Полицейлер Алматы қаласының Жетісу ауданында түнгі сағат он бірге қарай жеңгейтайлықпен айналысатын 32 жастағы азаматшаның көрсететін қызметтеріне ақша алып жатқан жерінен ұстады. Оның қасында тағы бес әйел болды, олар жеңіл жүрісті қыздардың қызметін ұсынып жүрген болып шықты. Сондай-ақ, онда қызмет көрсетін шамамен тоғыз қыз шет жақта тұрды. Полицейлер оларды да ұстады», — делінген хабарламада.

«Сонымен қатар, жедел шаралардың нәтижесінде ұйымдасқан қылмыспен күресу басқармасының қызметкерлері жеңгейтайлықпен айналысатындарға такси қызметін ұсынатын үш жүргізушіні ұстады. Олардың әрқайсысының немен айналысқаны сотқа дейінгі тергеу жұмыстары барысында анықталады», — деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Өңірлік ұйымдасқан қылмыспен күрес қызметкерлерінің бірінші тәулікте жүргізген шаралары нәтижесінде осы топты ұйымдастарған азаматшаның қоластында жалпы саны 16 жеңіл жүрісті қыздың жұмыс істегені анықталды. Қазіргі уақытта олардың 15-і куәгер ретінде жауап беріп, жұмыс берушісіне қарсы түсініктемелер беріп жатыр.

«Процессуалдық мәліметтерге қарағанда, басқа да қылмыс түрлері бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуі мүмкін. Бұл туралы қосымша хабарланатын болады. Ж. есімді азаматша мен оның М. есімді көмекшісі ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қалалық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері жезөкшелікпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру деректерін анықтап жатыр», — деді Салтанат Әзірбек.

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету