Жазасын өтеуші көз жұмды

24 шiлде 2023, 14:58

Солтүстік Қазақстан облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №48 мекемесінде жазасын өтеуші қайтыс болды. СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 21 шілде күні болған. Петропавлдағы №48 мекемеде жазасын өтеп жатқан бірнеше адам арасында тұрмыстық жанжал шығып, әкімшілік қызметкерлері араласқаннан кейін басылған. Профилактикалық әңгіме барысында сотталғандардың бірі демала алмай, тұншыға бастаған. Мекеме қызметкерлері дереу жедел жәрдем қызметін шақырған. Мамандар келгенше өздері алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Алайда, ол нәтиже бермей, келген жедел жәрдем дәрігерлері ер адамның өлгенін тіркеді.

«Бұл факті ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. СҚО Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тергеу тағайындады», — деп жазылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды