Жау кеткен соң, қылышыңды тасқа шап!

17 шiлде 2023, 15:38

Тағы да қаржы пирамидасы. Тағы да ақшасын өз еркімен апарып, қайтара алмай сан соғып қалған аңқаулар. Бүгін «Семейный капитал» қаржы пирамидасын құрып, оны басқарған азаматтың заңсыз әрекетін қаржы мониторингі агенттігінің астаналық департаменті әшкереледі» деген ақпарат шықты. Әлгі сабаз тұрғын үй сатып алу бойынша жалған бағдарлама жасап, клиенттермен келісімшартқа отырған. Келісімшартта 300 мың теңгеден 5 млн теңгеге дейінгі инвестиция құйып, 30-дан 60 пайызға дейін артық төлеммен тұрғын үй алудың күту мерзімі 6 айдан 10 айға дейін көрсетілген. Біздің адамдар мөр басылған қағазға сенеді емес пе, келісімшарт жасалғанына мәз болған. Ақырында ақша да, баспана да жоқ. Жұртты тақырға отырғызған қу 450 млн теңгені жоқ қылды. Қазір ол қамауға алынып, уақытша ұстау абақтысына қамалыпты.

Қарап отырсақ, әсіресе, соңғы жылдары қаржы пирамидасы құдды жеті басты айдаһар дерсің. Бірінің «басын» шапса, орнына басқасы «өсіп шығады». Сондықтан ҚМА-ның бүкіл ел бойынша мониторинг жасап, дер кезінде біліп отырғаны дұрыс еді. Әйтпесе, болары болғаннан кейін күмәнді ұйымдарға ақша салмауға шақырғанынан не пайда? Алдайтын алаяқ та, алданатын аңқау да азаймай тұрғанда…

Наргүл Мырзахмет

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды