jasqazaq.kz

«Жау кеткен соң»: Алматыда көпқабатты үйлердің шатырын тексеру басталды

17 қыркүйек 2024, 13:02

Кеше Алматыда тоғызқабатты үйдің шатырынан екі қыз бала құлаған болатын. Бүгін Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлағандай, әкімдік биік ғимараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап ете бастады. Көп қабатты үйлердің басқарушылары шатырға шығатын терезе-есіктің бәрін жабуы тиіс.

Қазір жергілікті атқару органдарының қызметкерлері, басқарушы компаниялардың өкілдері белсенді тұрғындармен бірге үй-үйді аралап, іске кірісіпті.

Кеше оқыс оқиға болған үйдің тұрғындары «шатырға баратын жолды баяғыдан жабу керектігін айтқанбыз» деген. Бірақ ешкім құлақ аспаған көрінеді. Енді, міне, әдеттегідей «Жау кеткен соң қылышыңды тасқа шаптың» кері.

Еске түсірсек, былтыр хостел өртенгеннен кейін жаппай тексеру басталып кеткен. Қазір сол хостелдерді анда-санда да болса да аралай ма екен?

JQ-Aqparat

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды