Жасыл Қазақстан: Экологиялық ахуалды реттейтін Жол картаға өзгеріс енгізілді

10 шiлде 2023, 10:40

Шымкент қаласының экологиялық мәселелерін кешенді шешу бойынша бекітілген Жол картасына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы бүгін Ақпарттық-коммуникациялық орталығы алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының Экология депаратментінің басшысы Еермахан Қозыбаев айтты.

– Бұл өзгеріс енгізілген Жол картасында маңызды іс-шаралар қарастырылған. Олар: «ПетроҚазақстанОйлПродактс» ЖШС-нің санитарлық қорғау аймағын көгалдандыру үшін жер учаскелерін анықтау және заңды түрде ресімдеу, қалада нөсер жауын канализациялық жүйесінің құрылысы, коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау үшін инфрақұрылым құру, құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу инфрақұрылымын құру, қала аумағынан ағып өтетін өзендердің су қорғау аймағы мен белдеулерін бекіту, «Қошқар ата» өзенін абаттандыру және басқа да қаладағы экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған іс-шаралар енгізілген. Жол картасының орындалу деңгейі Министрліктің бақылауында тұр, — деді департемент басшысы.

Департамент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасымен бірлесе Шымкент қаласы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірлеп жатыр. Шымкент қаласының экология департаменті тарапынан қаладағы экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған ұсыныстар қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына жолданыпты.

Брифинг барысында Ермахан Қозыбаев экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеген 2 кәсіпорынның қызметі соттың шешімімен тоқтатылғанын да айтып өтті. Тағы 3 кәсіпкерлік субъектісіне жоспардан тыс тексеру тағайындалып, тексеру жұмыстары жүргізілуде екенін, қозғалған әкімшілік істер ішінде Заңсыз жер қойнауын пайдалану дерегі бойынша 3 жеке тұлғаға жалпы сомасы 198 мың теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл салынғанын да мәлімдеді. ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасы негізінде, Шымкент қаласының Тұран, Абай, Еңбекші, Қаратау және Әл-Фараби аудан прокуратураларының Қаулысымен жолаушылар тасымалын және техникалық тексеруді жүзеге асыратын 17 автопаркке тексеру тағайындалып, Шымкент қаласының экология департаментінің мамандары тексеріске қатысып жатқаны айтылды.

Мерей Әлімбек

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды