jasqazaq.kz

Жастарға жалындаған жарасады

05 қазан 2022, 16:32

Азаматтық ресурстық орталығында ҚР Президентінің Жолдауы аясында «Мемлекеттік басқару жүйесіндегі саяси реформалар» тақырыбында саясаттанушылар мен сарапшылар жастармен кездесті. Іс-шараға ҮЕҰ өкілдері, «Мирас» университетінің студенттері, мектеп мұғалімдері қатысты.

Саясаттанушы, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі Сәкен Мәжінбеков Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауындағы басым бағыттарды, жастарға жүктелген міндеттер туралы әңгімелеп берді. Қазіргі бәсекелестік заманында жастардың білімге ұмтылып, өз ісінің білгір маманы болуға шақырды.

– Мемлекет басшысының әр Жолдауы жастарға зор серпін береді. Ізденуші азаматтар, жастардың ата-анамның үмітін ақтаймын деген нақты мақсаты болуы тиіс. Қазір ғылымды игеріп, кәсібін дамытып, тек алға қадам басатын кезең. Жастар жасампаз болса, елдің болашағы да жарқын болады, – деді С.Мәжінбеков.

Еркін форматта өткен кездесуде Жолдау аясындағы міндеттер, оны іске асырудың тетіктері айтылды. Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Жолдауда айтылғандай, жастар нақты бір мамандықтың қыр-сырын жетік білуге ұмтылғаны жөн. Өз саласының шеберіне әрдайым сұраныс болатыны анық.

Қалада саясаттанушылар мен сарапшылар, ҮЕҰ өкілдерінің жастармен кездесуі одан әрі жалғасын табады.

Айта кетейік, Шымкент қаласының Әл-Фараби кітапханасында зиялы қауым өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын сөз етті. Аталған жиынға қатысушылар өз ойымен бөлісіп, жолдауда айтылған әр бағытты кеңінен тарқатты. «Аманат» партиясының Қаратау ауданы филиалының атқарушы хатшысы Әбдез Рахманұлының айтуынша, бұл жолғы Жолдауда халықтың әлеуметтік мәселесі мен балалардың болашағын инвестициялаудың тың әдістері ұсынылды. Сонымен бірге алдағы кезектен тыс сайлаудың маңыздылығына тоқталды.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті