«Жастар Рухы» жастар қанаты өңір жастарының ордасына айналуы тиіс

11 шiлде 2023, 13:10

Бүгінде жастардың көзқарасы, ұстанымдары мен алға қойған мақсаттары, талабы мен тілегі әрқилы. Жастардың ел дамуына белсене араласып, білімді әрі білікті маман ретінде қалыптасуы да әр жастың бойындағы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Жастар саясатын жүзеге асыруда өзім қызмет ететін Түркістан облысы «Жастар Рухы» жастар қанаты бастамалары жайлы айтып өткім келеді.

Біздің «Жастар рухы» жастар қанаты жалынды жастарды қолдау және оларға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырумен қатар, түрлі бағыттағы жастар қозғалысын дамытумен айналысады. Атап айтсақ, 2023 жылдың жарты жылдығының қорытындысы бойынша, мемлекеттік саяси кезеңдегі белсенділер жұмысын ұйымдастырудан бөлек, алты бағыттағы жұмысты жандандырдық. Олар: Партиялық жобалар, Идеология, Салауатты өмір салты, Білім және мәдениет, Еріктілік қозғалыстары, Мониторингтер.
Партиялық жобаларды жүзеге асыру, қолдау — жастар қанатының бірден-бір негізгі функцияларының бірі. Оның ішінде «Ардагерлерді ардақтайық», «Мектепке жол», «Кедергісіз келешек», «Қауіпсіз қала» акциялары тұрақты жүзеге асырылады. Маусымдық ауысымға байланысты жыл сайын Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлері мен жалғыз басты қарттардың ауласын қардан тазалау, сенбіліктер ұйымдастырылады. Сондай-ақ ашық қалған кәріз құдықшаларының қақпақтарына мониторинг жүргізу әр ай сайын жүзеге асуда.

Жыл сайын жаңа оқу маусымы қарсаңында партия қолдауымен бірлесе отырып, көп балалы және өзге санаттағы отбасы мүшелері мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етіледі. Жобаны жүзеге асыру үшін жас депутаттар корпусы жұмылдырылады. Сонымен қатар, «Кедергісіз келешек» акциясы аясында ерекше назар аударуды қажет ететін отбасыларға мерекелік шаралар ұйымдастырылып келеді.

«Тәрбие тал бесіктен басталады!» деген қазақ аталарымыздың дана сөзіне сүйене отырып, «Жастар Рухы» жастар қанаты бүгінгі өңір жастарының тәрбие ортасына айналуы тиіс деп есептеймін. Елге деген махаббат, адами құндылықтар, тарих пен болашақ, білім мен даму түрлі тақырыптағы кездесулер мен іс-шаралар легі жүзеге асып келе жатыр. «Qaisar» әскери-патриоттық жобасы, «BIR TOLQYNDA» диалогтық алаңы, әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған «BIZ BIRGEMIZ TURKISTAN» жобасы, «Түркістаннан түлеген тұлғалар» тарихи мәдени-жобасы тұрақты жастар назарында.

«Qaisar» әскери-патриоттық жобасы аясында 2022 жылы облыстық іріктеуге 11 команда қатысып, ұзақ және қысқа қашықтыққа жүгіру, су спорты түрлерінен сыналып үздік шыққан Кентау қаласы, Қашқари атындағы мектеп оқушылары республикаға жолдама алған болатын. Биылғы жылғы облыстық іріктеу ойындарына 12 команда, 72 оқушы қатысты. 2023 жылдың 3-6 мамыр күндері Астана қаласында өткен Республикалық кезеңде жүлде қоры 1 миллион теңгені құрайтын 1-орынды жеңіп алды.
Әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған «BIZ BIRGEMIZ TURKISTAN» жобасы аясындағы 3 бағытта жұмыс жүргізілді. Мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, қоғам қайраткерлері, түрлі сала өкілдерінің үздіктері, жас депутаттар корпусымен жастар арасында кездесулер, кәсіби бағдар беру, аула спортын дамыту. Жоба екі мыңнан астам адамды қамтыды.

«Менің елім-менің туым» акциясы аясында да мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатында түрлі бағыттағы іс-шаралар өтуде.
Дені сау ұрпақ тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жан-жақты іс-шаралар өткізілді.
«AMANAT CUP» шағын футболдан өткен облыстық турнирге 9 түрлі саладын 16 команда қатысты. Жеңімпаз командалар жүлделі бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ. Әуесқойлар арасында өтетін өзгеде спорт түрлерінен түрлі деңгейдегі іс-шаралар өтіп келеді.

«Мен Донормын» облыстық қан орталығында белсенді жастармен бірге қан өткізу акциясы. Жыл сайын 2 мәрте тұрақты түрде медециналық талдамадан өткен соң жас белсенділердің қан беруін ұйымдастырдық.
«Денсаулыққа 10 000 қадам» жобасы аясында түрлі мекеме қызметкерлері, жастары арасында қаланың көрікті жерлерін спорттық жүріспен аралау марафоны өтті.
Елдің ертеңі болар жастардың білімді, бәсекеге қабілетті, интеллектуалды болып өсуі күн тәртібінде ұдайы бірінші болуы тиіс мәселе деп есептеймін.

«AMANAT AQYLMAN» интеллектуалдық ойыны 2022 жылдың көктемінде Арыс қаласында бастау алып, бүгінге дейін барлық аудан, қалада іріктеу ойындары өтіп үлгерді. Облыстық финалдық кезең 2023 жылдың 27 шілде күні өткізу жоспарлануда.
«AMANAT CUP» пікірсайыс турнирі — республика көлемінде өтетін жыл сайынғы дәстүрлі іс-шара. Студенттер арасында пікірсайыс технологиясын үйрету, білімі мен ізденісін арттыру мақсатында ұйымдастырылады. Партияның қолдауымен өткен республикалық турнирде Түркістан облысы «Тұран» командасы екі жыл қатарынан ІІІ орынға ие болды.
Түрлі мерекелік күндерге орай және белгілі тұлғалар мен, тарихи маңызы бар күндерді жастар назарында ұстау үшінде барлық санттарды қамтый отыра іс-шаралар легі тұрақты өтеді.

Апат айтып келмейді. Елімізде орын алып жатқан түрлі деңгейдегі төтенше жағдайларда еріктілер пулы әрдайым көмекке әзер екендіктерін әрдайым дәлелдеп келеді. 2022 жылы орын алған Қостанай облысындағы орманның өртенуі, Қазығұрт ауданындағы толассыз жаңбыр салдарынан туындаған селдің зардаптарын жою мақсатында құрылған #көмекҚостанай, #БіргемізҚазығұрт еріктілер қозғалысының жұмысынан көру қиын емес.
Апатты өңірге бірінші ретті қажеттілікті жеткізу мақсатында 76 тонна жүк тиелген 3 жүк көлігімен бірге 15 жастан құралған еріктілер тобы Қостанайға көмек берді.

Сонымен қатар, барлық аудан қалаларда рухтастармен «Жастар есірткіге қарсы», «ТазаLike» акциялары тұрақты түрде өткізілуде.
Жастар мәселелерін анықтау мақстанында түрлі бағыттағы мониторинг жұмыстары жүргізіліп келеді.
Республика көлемінде 50-ден астам ЖОО мен 30 мыңға жуық жастан «Таза сессия» акциясы аясын сауалнама алынды. Облыстағы 2 ЖОО арнайы комиссия мүшелерімен бірге, 600 студенттен сауалнама алынып орталыққа мәлімет жолданды.
Партия жанындағы жастарды қолдау жөніндегі кеңес құрамымен бірге күн тәртібіне сәйкес облыс көлемінде 11 жатақханаға мониторнг жасалды. Мәселелер оқу орны басшыларына жолданып, назарға алынды.

Кешкі уақытта кәмелет жасқа толмаған жастардың көшеде жүру фактілерін жою мақсатында тұрақты түрде құзырлы орган өкілдерімен бірге мониторинг жасалып, қажетті шаралар қолданылды.

Төтенше жағдай департаменті мамандарымен бірге газ құбырлары өтпеген үйлерге газ балондарын қолдану бойынша жыл бойына 2 мыңнан астам үйге мониторг жасалып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жастардың түрлі бағыттағы сұрақтарына жауап беру және жастар санатындағы мәселелермен күресу мақсатында мекеме мамандарымен бірге кеңес орталығында айына 3-тен кем емес кездесу ұйымдастырылыды. Кеңеске басым бөлігі базар жастары мен жұмыссыз жастар келді.

2022 жылдың қараша айында бастау алған «Жастарға Кеңес» жобасы аясында 9 аудан, қалада 14 рет кеңес өткізілді. 300-ден астам жас қамтылды. Басты сұрақ кәсібін дамыту үшін 18-35 жас аралығындағы жастарға берітін 2,5 пайыздық несие, баспана, әлеуметтік көмек мәселелері.

Айта кеткен жөн, Түркістан облысы референдум қорытындысы бойынша да көш бастады. Нәтиже көрсеткендей, тұрғындардың 80 пайыздан астамы өз таңдауын жасаған. Бұл еліміздегі ең жоғары көрсеткіш ретінде тіркелді. Жастар қоғамдық штаб мүшелері ретінде насихаттау жұмыстарына белсене қатысты. Бұл біз өткізген негізгі шаралар. Қазір жастардың алға қойған мақсатына жету жолында жан-жақты білім алуға құштарлығы, бір нәрсені білуге, тәжірибе алуға жалтақтамайтыны қуантады. Бүгінгі күні жастар өздерін еш кедергісіз дамыта алады. Өз кезегінде мемлекетіміз де жастарға арналған тиімді бағдарламаларымен олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге жол ашуда. Айта кетерлігі, еліміздің ірі мегаполистерінде белгілі бір салада қызмет ететін жастардың баспаналы болуына арналған бағдарламалардың басталғаны қуантады. Өйткені әрбір жас отбасының негізгі мәселесі — баспаналы болу. Сонымен қатар жастардың өз кәсібін ашуға да пайызы аз несиенің берілуі- жастар үшін үлкен қолдау. Міне осындай бастамалар арқылы жастарымыздың болашағына жарқын жол ашылуда. Ал біз өз кезегімізде бізге берілген міндеттерді орындай отырып, ел дамуына үлес қосатын боламыз.

Еркебұлан Мадиярұлы,
Түркістан облысы «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты төрағасының орынбасары

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды