Жастар — қоғамның қозғаушы күші!

29 сәуiр 2016, 15:02

Павлодарда 10 мемлекеттің, атап айтқанда, Қазақстан, Ресей, Болгария, Германия, Оңтүстік Корея, Армения, Тәжікстан, Түркия, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген этномәдени жастар бірлестігінің жетекшілері бас қосты. Бұл осымен алтыншы рет өтіп отырған жастардың халықаралық форумы болатын. Делегациялардың саны жағынан ең көбі еліміз бен Ресей болды. Сонымен қатар жиынға Мәжіліс депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының жергілікті өкілдері қатысты.

Биылғы бас қосу «Бірлік-Единство.KZ» айдарымен өтіп, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Бұл шараның басты мақсаты – елдер арасындағы достық байланысты нығайтып, жастар ынтымақтастығын кеңейту. Өзге ұлттың рухани, тарихи, мәдени құндылықтарымен танысып, жастарды соларды құрметтеуге шақыру.
Форумға қатысушылар алдында сөйлеген Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов сәлемін әр елден келген қонақтар тілінде айтып, жастарды дән риза етті.
– Өтіп жатқан ауқымды шараның аймақ үшін алар орны ерекше. Жастар қоғамның қозғаушы күші, еліміздің ертеңі. Біздің елімізде, оның ішінде аймағымызда жастарға ылғи да көңіл бөлініп, істеріне қолдау жасалады. Жастарымыз қоғамдық жұмыстарға үнемі белсене атсалысып, өздерінің білімі мен біліктілерін көрсетуде. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша сонғы үш жылда елімізде 35 мың жас маман өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасса, соның 1042-сі павлодарлықтар. 800-ге жуық жас өздерінің шағын бизнесін ашып үлгерді. Қазіргі таңда жастар арасындағы басты мәселе – баспана. Жастардың ол сұранысы да өз шешімін тауып отыр. «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы арқылы өткен жылы 600-ден астам жас отбасы баспанамен қамтылды, – деді аймақ басшысы.
Максим Споткай форумда спикердің бірі болды. Максим павлодарлық жігіт. Қазір Омбы мемлекеттік техникалық университетінің студенті. Қазақ тілінде еркін сөйлейді. Сондағы қазақстандық жастар арасында «Қазақ тілі» қоғамын ұйымдастырып, басшылық етеді. Қазақ-орыс тілінде газет шығарады.

2
Максим Споткай: «Форумның Павлодарда дүниеге келуі кездейсоқ емес. Осындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы тыңғылықты және жан-жақты жұмыс жасап келеді. Ұлтаралық ынтымақтастықты нығайтуда тәжірибелері мол. Әр елден келген жастар этномәдени бірлестіктері жетекшілерінің осы аймақта, сонымен бірге жалпы Қазақстанда халықтар арасындағы ауызбіршілікті, келісімді өз көздерімен көріп, естіді. Олардың жиған-терген тәжірибелерін қазақстандықтар да өз жұмыстарында пайдаланады деп ойлаймын»

Ақжол Құрмансейіт,
Қарағанды облыстық жастар ресурсы орталығының директоры:
«Халықаралық жастар форумы өзінің мән-маңыздылығымен қымбат. Себебі еларалық ынтымақтастық басты құндылықтардың бірі. Елімізде, соның ішінде Павлодар өңіріне келген өзге елдің азаматтары ұлт арасындағы татуластықты сақтап, достықты нығайтудың маңызы зор екенін түсінді. Елбасымыздың өзі жастарға үлкен сенім артып отырғандықтан, жастардың осал болуы мүмкін емес. Бүгінгі атқарылған істер болашақта өз жемісін береді деген сенімдемін»

Халиф Челик, Түркия:
«Сіздердің елдеріңіздің саяси, әлеуметтік-экономикалық саладығы жетістіктеріңіз күн санап өсуде. Бауырлас ел болғандықтан, біз оған қуанамыз. Айтарлықтай жетістіктерге жетудің негізгі себебі – елдегі тұрақтылық пен бейбітшілік деп білемін. Міне, бүгінде форумға қатыса отырып, көргеніміз қазақ жерін мекен еткен барлық ұлттың жастары алаңсыз білім алып, елінің өркендеуіне өз үлестерін қосып жатыр екен. Достық пен бірлік бар жерде береке мен ырыс барын әлемге дәлелдеп отырсыздар»

Елена Медведева,
Омбы облыстық жастар саясаты, спорт және дене шынықтыру министрлігінің жетекші маманы:
«Біздің делегация Павлодарға тәжірибе алмасуға және осы бағытта өзіміздің жетістіктерімізбен бөлісуге келді. Мен өткен жылғы форумға қатысып ерекше әсер алған болатынмын, міне, биыл да көп жаңалықтар естіп, көрдім. Жалпы, форумға қатысқан әр елден келген жастар бір-бірімізбен жақын танысып, іс-тәжірибемізбен алмастық. Форумның басты мақсаттарының бірі осы деп білемін. Рахмет, қазақстандық әріптес достар!»

Мұхит Омаров,
Павлодар қаласы

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?