jasqazaq.kz

Жас жігіт балгер әйелдің құмалағын аяғымен тепті (видео)

13 желтоқсан 2017, 13:07

Жас жігіт балгер әйелдің құмалағын аяғымен теуіп, өзіне айқайлай жөнелді.

Бұл сәт желіде кең тарап кетті. Видеоны жігіттің өзі түсіріп тұр. Ол құмалақ аштырып отырған қыздан “Осыған сенесің бе? Құмалаққа емес, Аллаға сен. Көмекті Алладан сұра, Намаз оқы” деп кеңес берді. Құмалақшы әйел жігіттің “аяғың сынғыр” деп қарғай салды. Жігіт егде жастағы әйелдің ісі ұрыс емес екенін, мұның серік қосу екенін түсіндіріп бақты.

“Бұл жерден бұдан былай көрмейтін болайын. Бұл Аллаға серік қосу. Неге елді алдап отырсыз?” дейді жігіт.

Желі қолданушыларының бірі жігіттің әрекетін құптап, ризашылығын білдірді. Кейбірі қандай жағдай болмасын аяғымен тепкені дұрыс емес деген сын айтты.

Ислам дінінде балшы, балгер, құмалақшы, сиқыршы сәуегейлердің ісі, көріпкелдік болжамдар айту ең ауыр күнә, Аллаға серік қосу болып саналады.

Ширк пен күпір сөзі бір-біріне жақын ұғымдар болғанымен, мағыналары әр түрлі. Күпір дегеніміз – иман негіздеріне сенбеу, Аллаһты тәңірі деп, Хазіреті Мұхаммедті (с.а.у.) пайғамбар деп қабыл етпеу болса, ширк – Аллаһты екеу немесе бірнешеу деп қабылдау7 Алғашқысы Жаратушыны, Оның Елшісін қабылдамайды, соңғысы Аллаһқа серік қосады. Сондықтан, мүшрік те, кәпір де Аллаһтың азабына ұшырайтын қауым болып саналады.

Құранда кәпірлер және мүшріктер деп жеке-жеке тоқталып, екеуінің өздеріне тиесілі ақыреттік жазалары айтылады. Әсіресе, Алланың өзіне серік қосуды ешқашан кешірмейтіндігі мына аятта баян етілген: «Негізінен Аллаһ өзіне ортақ қосуды жарылқамайды. Одан басқа кімді қаласа жарылқайды. Ал кім Аллаһқа ортақ қосса, расында өте қатты адасты».

365info.kz

25 шiлде, 19:51
Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға
25 шiлде, 18:40
Дина Тәжібай: Заманауи трансформатор энергия үнемдейді
25 шiлде, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң