jasqazaq.kz

Жас суретшілерінің көрмесі ашылды

05 қыркүйек 2022, 16:56

Өткен аптаның соңында «Жайықпен көрісу» көрмесінің ашылуы және «Фронтир. Атырау шежіресі» арт-резиденциясының ресми жабылуы өтті. Арт-резиденция бағдарламасы қазақстандық жас суретшілерді қолдауға, арт-ортада тәжірибе алмасуға және креативті индустрияны дамытуға бағытталған.

Резиденция Атырау қаласында 1-31 тамыз аралығында өтті. Арт-резиденциясының жалпы метафорасы фронтир тұжырымдамасы болды, ал көрменің тақырыбы Жайық өзенінің бейнесі болмақ. Еліміздің батыс өңірінің мәдени контекстін зерттей отырып, Атырау қаласы үшін метафора іздеуде суретшілер Жайық өзенінің бейнесінен тірек тапты. Атырау туралы сөз қозғағанда бұл жердің “естелігі” болып келетін, өткені мен болашағын осы кезде байланыстырып отырған да Жайық.

Суретшілер 30 күн бойы ізденіс үстінде болды: бір ай ішінде олардың назары батыс өңірі үшін де, атап айтқанда Атырау қалалық кеңістігі үшін де маңызды фронтир тақырыбын зерттеуге және метафорасын анықтауға бағытталды.

Арт-резиденция ұйымдастырушылардың бірі Әсел Ахметжанова «Резиденцияның бірегей тақырыбы — фронтир — суретшілерге өте жақын болғанына қуаныштымын, олардың тақырыпты қаншалықты тез қабылдағанына және ол ойды бірден алға жетелегендеріне қуанамын», — деп бөлісті.

Арт-резиденцияның менторлары мен лекторлары ретінде көрмелерді өткізу және шығармашылық жобаларды іске асыруда мол тәжірибесі бар заманауи суретшілер мен арт-қайраткерлер (Сәуле Дүйсенбина, Дмитрий Морозов, Күлшат Медеуова, Диас Әділ және т.б.) қатысты. Айта кетейік, жоба YEMAA заманауи мәдениет орталығының Орталық Азияның Еуразия қорымен, «Шеврон» компаниясымен, «Aspar Kashagan» компаниясымен және Infinity plaza эко-паркімен серіктестікте құрылды.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті